• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
13 Қазан, 2016

Инновациялық жобалар байқауы

532 рет
көрсетілді

Кеше «Нұр Отан» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов баспасөз мәслихатын өткізіп, Республикалық жастар инновациялық жобалар байқауының басталғандығын жария етті. Байқаудың мақсаты – жастарды  ғылыми-зерттеу қызметіне және ғылыми-техникалық шығармашылыққа баулу. Партия хатшысының хабардар етуінше, байқау жеңім­паз­дары – агроинновация, хи­миялық технология, нанотехнология және биотехнология, жасыл энер­гетика, робототехника, жол қоз­ғалысының қауіпсіздігі,  ақпа­раттық және авиағарыш тех­нологиясы, медициналық тех­ника және технология, 3D ин­дустриясы, әлеуметтік инновациялар бағыттары бойын­ша анықталады. Кон­курс­тық өтінімдерді әділ­ баға­лау мақсатында қазы­лар алқа­сына ғалымдар, ұлттық ком­паниялар мен кон­ст­рук­тор­лық бюролардан, сондай-ақ, минис­трлік­терден сарапшылар шақы­рылады. «Жобалар Қазақстан Респуб­ликасының өзекті ғылыми-техникалық және әлеуметтік-эко­номикалық мәселелерін шешу­ге бағытталып, ғылыми-техни­калық, әлеуметтік-эконо­ми­калық және экологиялық тұрғыдан алғанда тиімді әрі нәти­желі болуы тиіс», –  деді Ф.Қуанғанов осы жөнінде. Ал байқаудың жалпы жүл­де қоры – 8 000 000 теңге. Мек­теп оқушылары мен колледж студенттері арасында өте­тін «Келешек» аталымының жеңімпазына еліміздің жоғары оқу орындарының бірінде грант­­та оқу мүмкіндігі беріледі. Со­ны­мен қатар, әлеуетті инвес­тор­­ларды тарту және жобалар­ды іске асыру мақсатында жас­тар­дың инновациялар және бас­тамашылар форумы өткізіледі. Форум аясында байқау же­ңім­паздары мен жобалар жүл­де­герлерінің көрмесі өтеді. Бұған қоса, үздік идеялар халықаралық байқау­лар­ға жіберілетін болады. Инно­ва­­ция­лық байқау жеңім­паз­дары мен жүлдегерлеріне халық­аралық байқауларға қа­ты­суға көмек көр­сетіледі. Байқау шарттары www.nurotan.kz сайтында жарияланады. Қатысуға өті­нім­дер nurintech@nurotan.kz элек­трондық мекен-жай бойынша 2016 жылдың 15 қарашасына дейін қабылданады. Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»