• RUB:
    4.76
  • USD:
    526.11
  • EUR:
    542.31
Басты сайтқа өту
25 Қазан, 2016

Үкімет отырысында 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы қаралуда

232 рет
көрсетілді

Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Қазақстан Үкіметінің селекторлық режимдегі кезекті отырысы өтіп жатыр деп хабарлайды egemen.kz. Күн тәртібінде – еліміздің ағымдағы жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының және мемлекеттік бюджеттің атқарылуының қорытындысы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысы primeminister.kz сайтынан және facebook желісінен онлайн-таратылып жатыр. Сонымен бірге, отырыс қорытындысы бойынша БАҚ өкілдері мен Үкімет мүшелерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтетінін хабарлаймыз.