• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
25 Қазан, 2016

Өнеркәсіптік өндіріс көлемі ең жақсы өскен үш облыс аталды

468 рет
көрсетілді

Еліміздің экономикалық өсіміне өңірлердің үлесі анықталды. Өңірлік бөліністе өнеркәсіп өнімдері шығарылымы 9 өңірде өсіп, 7 өңірде төмендеген. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Қ.Бишімбаев айтты деп хабарлайды egemen.kz. Көшбасшы үштікке 5,2%-дық өсумен Қарағанды облысы, 4,9%-дық өсумен Оңтүстік Қазақстан облысы, 4,5%-дық өсумен Ақмола облысы кірді. Ең көп төмендеу Қызылорда облысында (10,0%), Маңғыстау облысында  (3,6%), Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында (2,5%) байқалып отыр. 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекте өңдеу өнеркәсібінің өсуі 0,6% болды. Өңдеу бөлінісінде металлургия өнімдерін өндіру 7,8%-ға, ағаш бұйымдары – 8,7%-ға, тамақ өнімдері – 3,5%-ға, дәрі-дәрмек препараттары – 2,1%-ға, резеңке және пластмасса – 1,8%-ға, сондай-ақ мұнай өңдеу – 0,4%-ға өсті. Өңдеу өнеркәсібіндегі өсуге машина жасау саласында өндірістің төмендеуі (18,6%) тежеуші ықпал етуде. Динара Бітікова