• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Қазан, 2016

Құрылыс компанияларының табысы бес есе өсті

222 рет
көрсетілді

Құрылыс компаниялары өткен жылға қарағанда 5 есеге көп таза пайда тапты. Биыл еңбек өнімділігі рекорд орнатуда - көрсеткіш бір адамға 5,6 миллионға дейін артты. Бұл туралы finprom.kz-ке сілтеме жасай отырып ҚазАқпарат хабарлады. Мамандардың айтуынша, осы жылғы қаңтар-маусымда құрылыс компанияларының өндіріс көлемі 2,2 триллион теңгеге жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 32 пайызға көп. Бірінші жартыжылдықта 21 мыңнан астам құрылыс нысандары  (өткен жылмен салыстырғанда +6%) енгізілді. Ірі және орта құрылыс компаниялары өздерін барынша белсенді көрсетуде - бір жылда өндіріс өнімділігі 51 пайызға - 1,5 триллион теңгеге дейін өсті. Еңбек өнімділігінің орташа деңгейі (инфляцияны есепке алғанда) биыл 7,7 миллион теңгені құрады. Бұл өткен жылғы қаңтар-маусымдағы көрсеткішке қарағанда 45 пайызға көп. Шағын кәсіпорындар керісінше, дағдарыс жағдайында еңбек өнімділігін 23 пайызға төмендеткен. Жалпы секторда нақты еңбек өнімділігі 2016 жылғы 1 жартыжылдықта  бір адамға 5,6 миллион теңгені құрады. Бұл ретте жыл ішінде кәсіпорындардағы қызметкерлер саны 3 пайызға, 334 мың адамға өскен. Ағымдағы жылы құрылыс компанияларының артқан белсенділігі аясында - 1-жартыжылдықта сала кәсіпорындары 5 есе көп таза табыс алған. Барлығы 812 миллиард теңге.