• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
26 Қазан, 2016

Гүлшара Әбдіқалықова Ақмола облысында болды

181 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықова Ақмола облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында Гүлшара Әбдіқалықова Көкшетау қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақмола облысы бойынша филиалы Кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты. Кеңеске қатысушылардың алдында сөйлеген сөзінде Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан халқы Ассамблеясының жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтудағы рөлін атап өтті. «Елбасы атап айтқандай, Тәуелсіздік халықты - бейбітшілік пен келісімді сақтаушы Қазақстан халқы Ассамблеясының бір шаңырағының астына біріктірді. Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақмола облыстық филиалы жүзден астам қоғамдық пікір көшбасшыларының басын біріктіріп отыр. Қырықтан астам этномәдени бірлестіктер аймақтың қоғамдық-мәдени өміріне белсенді қатыса отырып, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының іске асырылуына қомақты үлестерін қосуда», деп атап өтті Мемлекеттік хатшы өз сөзінде.