• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
26 Қазан, 2016

Қазығұрттық диқандар 20 мың тонна көкөніс жинады

334 рет
көрсетілді

Қазығұрт ауданында бүгінде жылыжай көлемі 90 гектарға жетіп отыр. Осы маусымда аталған жылыжайдан қазығұрттық диқандар 19875 тонна  көкөніс, 4647 тонна бақша дақылдарын жинады. Мұнда әр маусымда 200-дей азамат еңбек етеді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Таулы аймақта жылыжай салуда тұрбаттықтар озып тұр. Солардың бірі – «Рахмат ата» шаруа қожалығы. Ел алғысына бөленген ұжым 20 азаматты жұмыспен қамтып отыр. Серіктестік 1,6 гектар жерде «Атия» қызанағы мен «Туми» қиярын егіп, бүгінде екінші кезеңнің дақылдарын жинауға кірісті.+

Тұрбат ауылының халқы жылыжай шаруашылығын дамытуға бейімделген. Жиырма гектардан астам жердің әр гектарынан 100 тоннадан астам бау-бақша дақылдарын жинап алып отыр.

Аудан шаруалары отандық өнімді Шымкенттен бөлек, Алматы, Астана қалаларына жөнелтеді.

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысы – еліміздегі ең ірі ауыл шаруашылығы орталықтарының бірі. Сонымен қатар, Қазақстандағы жылыжайлардың 87 пайызы осы облыста орналасқан. Олардың жалпы көлемі 1 мың гектардан асады.