ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Мәскеуге жұмыс сапары аясында РФ Үкіметінің Төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесу өткізді, деп хабарлайды egemen.kz Премьер-Министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.
Кездесу барысында тараптар өнеркәсіп, энергетика саласындағы, сауда және экономика, көлік секторындағы және басқа да салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ, алда өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңес және ТМД Үкімет басшылары кеңесі отырыстарының мәселелері талқыланды.
Еске салсақ, 27-28 қазанда Минск қаласында Еуразиялық үкіметаралық кеңес және ТМД Үкімет басшылары кеңесі отырыстары өтеді. Оған ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев қатысады.