• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
27 Қазан, 2016

Премьер-Министр Сағынтаев ресейлік əріптесімен кездесті

176 рет
көрсетілді

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Мәскеуге жұмыс сапары аясында РФ Үкіметінің Төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесу өткізді, деп хабарлайды egemen.kz Премьер-Министрдің ресми сайтына сілтеме жасап. Кездесу барысында тараптар өнеркәсіп, энергетика саласындағы, сауда және экономика, көлік секторындағы және басқа да салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, алда өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңес және ТМД Үкімет басшылары кеңесі отырыстарының мәселелері талқыланды. Еске салсақ, 27-28 қазанда Минск қаласында Еуразиялық үкіметаралық кеңес және ТМД Үкімет басшылары кеңесі отырыстары өтеді. Оған ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев қатысады.