• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
27 Қазан, 2016

Астанада дилерлік орталық ашылды

459 рет
көрсетілді

Машина жасау мен техника өнді­руде жетекші елдердің қатарына қосылатын Жапонияның, әсіресе, «Тойота» компаниясының көліктері қай мем­лекетте де үлкен сұранысқа ие. Күні кеше Астанада да «Тойота Сити Астана» атты ірі дилерлік орталық ашылды. Жаңа автосалон ЭКСПО-2017 халықаралық көрме өтетін аумаққа жақын ауданда орналасқан. Нысанның салтанатты ашылу рәсіміне «Тойота Мотор Европа» орталығының жетекшісі Меттью Харрисан қатысып, сөз сөйледі. «Елордалықтарға есік ашқан бұл мекеме «Автодом» компаниялар то­бының бір бөлігі болып табылады. Ал оның құрамына Алматы, Қос­танай, және Ақтау қалаларында орын тепкен дилерлік нысандар кіре­ді. «Тойота Сити Астана» – Ор­та Азиядағы ең ірі дилерлік ор­та­лық «Тойота Сити Алматымен» дең­гейлес. Сондықтан бұдан былай Ас­тана қаласының тұрғындары жаңа авто­салонның арқасында теңдесі жоқ сегмент көшбасшысының қызмет­терін толық спектрімен пайдалана алады», деді Меттью Харрисан. Ол салтанатты басқосудың «Тойота Мотор Кор­порэйшн» ресми дистрибью­торы­ның қамқорлығымен өткенін де жеткізді. Жиында «Тойота Мотор Қазақстан» орталығының президенті Этсуо Ха­шино мен «Тойота Сити Астана» құрыл­тайшысы Сухраб Махмудов та көпшілікке лебізді пікірлерін білдірді. Олардың айтуынша, «Тойота» компаниясы Қазақстанды ғана емес, әлемді шарпыған қаржы дағдарысына қарамастан екі ел арасындағы серік­тестік қатынастарын, көлік бизнесін, қосалқы бөлшектер саудасын және сервистік қызмет көрсетуді дамытуда маңызды рөл атқаруда. Мұндай ілкімді шаруалар өңірдің экономикалық әлеуетіне септігін тигізуде. Зерттеулер нәтижесіне сүйенсек, салаға тиесілі өңірлік жалпы өнімнің өсуі 10,3 пайыз­ды құрайды. Шара барысында қатысушылар жапон мәдениетін айшықтайтын кон­церттік бағдарламаны тамашалады. Асхат РАЙҚҰЛ, «Егемен Қазақстан»