• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Наурыз, 2011

Әжелер салған әндер-ай...

1468 рет
көрсетілді

Қала маңындағы Қарғалы ауы­лында «Асыл әжелер» ән ансамблі құрылғанына да көп бола қой­ған жоқ. Дегенмен, ол азғантай уа­қытта көрерменнің көзайымына ай­налды. Жақында Қарғалы ауылын­дағы «Геолог» мәдениет үйінде «Асыл әжелер» халықтық ән ансамблі тұрғындарға шығар­ма­шы­лық есептік концертін ұсынды. Ән мен күйді құдіреттей құр­мет­тейтін халқымыздың мұндай сауық-сайранға аңсары ауып тұ­ра­тын әдеті емес пе, күнделікті өзіміз көріп жүрген пәленше емес пе деп мұрын шүйірмей, жұмыла жинал­ғанын қайтерсің. Бастарын қосқан­дары­на үш-төрт жылдың жүзі бол­ған­­мен, сахна мәдениеті­не сыралғы болып қалған әжелер де іркіл­ме­ді, именіп-жасқаншақ­та­мады. Есеп­тік концерт шымыл­ды­ғын ха­лық әні «Сары­би­дай­мен» ашқан ән­ші әже­лер бірі жүн түтіп, бірі ұр­шық иіріп, тағы бірі құрақ көрпесін ала шығып, сахна сәнін келтіріп ән ажарын аша түскенде риза бол­ма­ған көрермен қалмады десе де бол­ғандай. Бұ­дан кейін әжелер ақтөбе­лік сазгер Нұр­талап Жүсіповтің «Жеңіспен жеткен ағалар» әнін шырқаса, М.Арын атын­дағы Қарға­лы қазақ ор­та мектебінің 2-сы­ны­бында оқи­тын бір топ оқушы «Ел қорғауға әзірміз!» әнімен сабақ­тас­тырды. Сахна төріне көтерілген төрт әже «Шалқардан ұшқан аққу­лар» әнін тамылжытты. Бұдан соң халық әндері, атақты композиторлар Шәмші Қалдаяқовтың, Ескендір Хасанғалиевтің әндері қалық­та­ды. Ансамбль құрылғаннан бері кон­цертмейстер болып жүрген Шол­пан Рсымбетова әжелерді сыр­наймен сүйе­мелдеп, олардың әр әннің иірімдері мен нақыштарына тереңірек бойлауына әсем әуендік жағдай туғызды. «Әннің де естісі бар, есері бар» дегендей әнші әжелер әр әнді тыңдарманға талмай жеткізу­ге, әсем әсерге бөлеуге тырысты. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі Қарагөз Сағынованың айтуын­ша, «Асыл әжелер» ән ансамблі 2008 жылы күзде дүниеге келіпті. Қазір ансамбльдің құрамында 26 әже өнер көрсетеді екен. Осы күн­дері бір ұлты орыс әже де ансамбльге қатысуға тілек білдіріп жүрген көрінеді. Әнші әжелердің ең үлкені сексенге жақындаса, жасы кішісі алпыстың ауылына ат басын бұрған. Олардың дені — көп балалы, ұл­дарын ұяға, қыздарын қияға қон­дыр­ған ардақты аналар, немере сү­йіп отырған сүйікті әжелер. Әнші әжелер қала маңындағы селолық округтерді түгел аралап концерт беріп, табысты оралыпты. Сондай-ақ «Асыл әже­лер» халықтық ән ан­самблінің өнер­леріне көршілес Ал­ға, Қарғалы ау­дан­дарының тұрғын­дары да тәнті болыпты. Әнші әжелеріміздің репер­туарында отыз­дан астам ән бар екен. Олар көбіне сирек айтылатын халық­тық және қазақ композиторларының әндері десек, болашақта репер­туар­ларын бас­қа ұлттардың да әндерімен то­лықтырмақшы көрінеді. Сатыбалды СӘУІРБАЙ. Ақтөбе облысы.