• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
31 Қазан, 2016

Астанада халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді

647 рет
көрсетілді

9-12 қараша аралағында Астанада «Eurasian Fair-2016» Еуразия халықаралық көрме-жәрмеңкесі болады. Онда ТМД-ның, Еуропа және Азияның 30-дан астам елінің баспа, кітап саудасы, ғылыми-ағартушылық және полиграфия компанияларының өкілдері бас қосады.  Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған бұл шараға Мәдениет және спорт министрлігі мен Астана қаласы әкімдігі қолдау көрсетсе, ал ұйымдастырушысы – «Фолиант» баспасы. Көрме-жәрмеңкеге келушілердің назарына жақын және алыс шет мемлекеттердің кітап шығару, полиграфия саласындағы жетекші баспа үйлерінің заманауи кітап өнімдерінің бай ассортименті, жаңа технологиялары ұсынылады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрме-жәрмеңкенің әрі күні қызықты мәдени бағдарламаларға, ғылыми шараларға толы болмақ. Мәселен, оның аясында ғылыми-тәжірибелік конференцияларды, тұсаукесерлерді, дөңгелек үстелдерді, танымал мәдениет қайраткерлерімен, жазушылармен, ақындармен кездесулерді, форумдарды, байқаулар мен викториналарды өткізу көзделіп отыр. Сонымен қатар, бұл күндері баспа үйлері мен кітап саудасын жүргізетін ұйымдардың басшылары, ресми тұлғалар, халықаралық сарапшылар, проза мен поэзияның белді өкілдері, баспа жобаларын қолдайтын ұйымдар мен қорлардың, кітапхана, білім беру, ғылыми қоғамдастықтың өкілдері кітап саласы төңірегіндегі өзекті мәселелерді талқы таразысына салатын болады. «Eurasian Fair – 2016» Еуразия халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі дирекциясы директорының орынбасасыр Раушан Қапанқызының сөзіне қарағанда, мұндай ауқымдағы шара Астана төрінде алғаш рет ұйымдастырылмақ. Ал оны өткізу туралы бастаманы «Фолиант» баспасы көтерген. Ләйла Еділқызы, «Егемен Қазақстан»