Қазалы ауданында «Ғани Мұратбаев» атындағы облыстық жастар сыйлығы табысталды, деп хабарлайды egemen.kz Қызылорда облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Биыл алғаш рет ұйымдастырылған байқауға 70 үміткер қатысып, олардың ішінде 21 адам үздік шыққан.
Салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов облыста жастар саясатын жүзеге асыру бағытында ауқымды жұмыс атқарылып жатқанын айтып, жеңімпаздарға төсбелгі, ақшалай және естелік сыйлықтар табыстады.