• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
01 Қараша, 2016

Үкіметтік емес ұйымдардың облыстық форумы өтті

253 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдардың облыстық форумы өтті, деп хабарлайды egemen.kz облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Бүгінде елімізде 18 мыңнан астам ҮЕҰ тіркелген. Олардың 660-ы БҚО-да орналасқан. Облыстық бюджеттен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде оларға 165 әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін 475 млн. теңге бөлінген.   "Елімізде ҮЕҰ-мен бірігіп жобаларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар саны төрт есеге жуық артты. Ал облысымызда бұл көрсеткіш төмен болып тұр. Мәселен, ҮЕҰ-мен бірге жұмыс істейтін 200 бюджеттік бағдарламалар әкімшілері болса, солардың ішінен біздің облыстан тек 5 басқарма (2,5 пайыз) бар. Бұл жұмысты жандандыру туралы тапсырма VІ Азаматтық форумда берілген болатын. Соған орай жаңа жылдан бастап осы басқармалардың қатарына облыстық мәдениет, құжаттама және мұрағат ісі, дене шынықтыру және спорт, дін істері, білім, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму сынды тағы да бес басқарма қосылуы керек,-деді облыс әкімі Алтай Көлгінов. Форумға арнайы келген «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» АҚ-ның басқарма төрағасы Нұрлан Өтешов жаңа құрылымның рөлі мен міндеттеріне, ҮЕҰ-ларды гранттық қаржыландыру жүйесіне тоқталды. Ал жиын соңында ҮЕҰ-ның белсенді өкілдері облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.