• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
03 Қараша, 2016

Ісін енді бастаған кәсіпкерлерге гранттар тағайындалды

342 рет
көрсетілді

Астана қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқарамасы ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін ашық конкурс өткізіледі. Конкурстың мақсаты - ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша экономиканың басым секторлары шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін нысаналы гранттар беру. Конкурс «Бизнес-кеңесші»/«Бизнес-кеңесші-1» және «Жас кәсіпкер мектебі» жобалары бойынша өтеді, деп хабарлайды egemen.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Бизнес-жобаның міндетті шарты - кәсіпкердің ұсынылып отырған гранттың көлемінен кемінде 10 пайыз мөлшерінде оны іске асыру шығындарын бірге қаржыландыруы.   Конкурстық құжаттарды қабылдау 1 қарашадан басталды. Өтінімдер 2016ж. 15 қараша сағат 17.00 дейін қабылданады. Көрсетiлген мерзiм аяқталғаннан кейiн келiп түскен өтiнiмдер қабылдауға жатпайды.