• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
03 Қараша, 2016

СҚО-да «Қызылжар СҚ» футбол командасы марапатталды

452 рет
көрсетілді

Петропавл қаласында Бірінші лига командалары арасындағы ҚР біріншілігінде 3-орынға ие болған «Қызылжар СҚ» футбол командасы ойыншыларын марапаттау рәсімі өтті. Күн қаһармандарын қызыл кілемде қарсы алған Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов спортшыларға қола  медаль табыстады. «Бүгін солтүстікқазақстандық футбол тарихындағы айтулы күн. Бірінші лига командалары арасындағы ҚР біріншілігіндегі қола медаль – өңір имиджін қалыптастыруға үлкен үлес қосады. Сіздердің жетістіктеріңіз өскелең ұрпаққа үлгі. Болашақта сіздер үздік спорттық нәтижелер мен ірі жеңістерге жететіндеріңізге зор сенім білдіремін!», - деді Ерік Хамзаұлы. Өңір басшысы спортшылардың бапкерлеріне жоғары нәтиже көрсетіп, үздік спортшылар тәрбиелегені үшін алғысын білдірді. Сонымен қатар, облыс басшысы СҚО-да футболды дамыту үшін материалдық-техникалық базаның нығайтылып, инфрақұрылымды дамыту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқанын атап өтті. Соңғы екі жылда 263 футбол және шағын футбол алаңдары салынса, оның 46-ы заманауи жасанды жабынмен қапталған. Бүгінде «Қарасай» стадионында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ал, спортшыларымыз жыл бойы жаттыға алуы үшін «Жастар» стадионында жабық футбол манежінің құрылысы басталды. Салтанатты шара барысында өңір басшысы футболшыларға түрлі аталым бойынша марапаттар табыстады. «Үздік қақпашы» атағына Тимурбек Закиров ие болса, «Үздік қорғаушы» болып Неманья Видич танылды. Сонымен қатар, Аслан Жанұзақов «Үздік жартылай қорғаушы», Бошко Ступич «Үздік шабуылшы», ал Әли Әлиев «Маусымның ең үздік ойыншысы» атанды. «Қызылжар СҚ» футбол клубының капитаны Евгений Аверченко облыс басшылығына, бапкерлер штабына, жанкүйерлерге құрама атынан алғысын білдірді.