• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
03 Қараша, 2016

Еуропа лигасы. "Астана" жеңісті ұстап қала алмады

315 рет
көрсетілді

Еуропа лигасы топтық турнирінің кезекті турында Грекияның "Олимпиакос" командасын қабылдаған "Астана" 1-1 есебімен тең түсті. Ойынның 8-минутында астаналықтардан Деспотович есеп ашты. 30-минутта қонақтар ойыншысы Себа гол соғып таразы басын теңестірді. Осы есеп ойын соңына дейін өзгермеді. Бұл нәтиже "Астананың" плэй-оф кезеңіне шығу мүмкіндігін кәдімгідей қиындатты. Қазір оның 4 ойыннан кейін небәрі 2 ұпайы бар. 3-орындағы Янг Бойз 3 ойыннан 4 ұпайға ие.