• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
04 Қараша, 2016

«Алтын доптан» кімдер үмітті?

282 рет
көрсетілді

Француздың France Football журналы биылғы маусымның ең үздік футболшысына тапсырылатын «Алтын доп» жүлдесін алуы ықтимал үміткерлердің толық тізімін жариялады. Тізімге 30 кандидат ен­гізілген. Олардың қатарында мына футболшылар бар:  Гарет Бэйл, Криштиану Роналду, Тони Кроос, Лука Модрич, Пепе, Серхио Рамос (бәрі де – «Реал»),  Андрес Иньеста, Лионель Месси, Неймар, Луис Суарес (бәрі де – «Барселона»), Роберт Леван­довски, Томас Мюллер, Мануэль Нойер, Артуро Видаль (бәрі де – «Бавария»), Джанлуиджи Буф­фон, Пауло Дибала, Гонсало Игуаин (үшеуі де – «Ювентус»), Диего Годин, Антуан Гризманн, Коке (үшеуі де – «Атлетико»), Серхио Агуэро, Кевин Де Брюйне (екеуі де – «Манчестер Сити»), Зла­тан Ибрагимович, Поль Погба (екеуі де – «Манчестер Юнай­тед»), Рияд Марез, Джейми Варди (екеуі де – «Лестер Си­ти»), Пьер-Эмерик Обамейянг («Борус­сия», Дортмунд), Уго Льо­рис («Тоттенхэм»), Димитри Пайе («Вест Хэм»), Руй Патрисиу («Спор­тинг», Лиссабон). Аргентина құрамасы мен «Бар­селонаның» шабуылшысы Лионель Месси жүлденің қазіргі иесі болып табылады. «Егемен-ақпарат»