• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
04 Қараша, 2016

Тылсым сырынан шет қалмайық

569 рет
көрсетілді

«Егемен Қазақстан» газетінің 2016 жылғы 26 қазан, 205-ші санында жарық көрген Бәйдібек ауданының тұрғыны Мұхтар Тұрдалиевтің көрген түсі туралы жазылған «Аңыз бен ақиқат» деген мақалаға орай өз пікірімді білдіруді жөн санадым. Өзім кеңес дәуірінде партия-кеңес қызметкері болған адаммын. Негізгі кәсібім болмаса да, өлке тарихын зерттеумен айналысып, бірнеше кітабым жарық көрді. Ал енді менің айтайын дегенім, Зайсан ауданы Үлкен Қаратал ауылының тумасы Кәкиқызы Күмісай деген бойжеткен Алматыдан туыстарына 1996 жылы телефон шалып, түс көргенін айтады. Түсінде белгісіз адам келіп: «Мен әз-Жәнібек ханмен тең болған адаммын. Бойым 2 метр 35 см. ХVІІ ғасырда 49 жаста жау қолынан қаза таптым. Намаз оқып отырғанда қылышпен басымның желке тұсынан шапты, сан ғасыр аяқасты болып, тапталып жатырмын, мәйітім сенің бабаң Нұрпейістің үйінің терезесі алдында, 2 метр жерде жатыр. Қазып алып қайта жерлеуге көмектесуіңді сұраймын», деп жоқ болып кетеді. Күмісайдың туыстары бұл әңгімеге мән бер­мейді. Белгісіз адам ауық-ауық Кү­місайды мазалай берсе ке­рек. Бойжеткен ыза болып, егер айтқанды орын-­да­масаңдар сол жерді өзім барып қазамын дегеннен кейін ағалары лажсыз 1997 жылы айтылған мөлшермен жерді қазғанда шынында да өте ірі адамның сүйегі шығады. Олар сүйекті жинастырып, Үлкен Қаратал ауылының оңтүстік жағына жаңа жерге қайта жерлейді. Ол зиратқа алыстан арнайы келіп, құран оқытып жүр­гендер бар. Сондықтан да Мұхтар Тұрдалиев ақса­қалдың ежелгі Отырар кі­тапханасы тура­лы көрген түсіне жеңіл-желпі қарауға болмайтын сияқ­ты. Табиғатта тылсым дүние көп қой. Отырардың бай кітап­ха­­насы табылса, Қазақ елі үшін құн жет­пейтін алтын қазына ғой. Қалибек АЛТЫБАЕВ, Зайсан ауданының құрметті азаматы, Қазақстан Журналис­тер одағының мүшесі   Шығыс Қазақстан облысы