• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
04 Қараша, 2016

Жан жаңғырығы

422 рет
көрсетілді

Алматы қаласындағы Достық үйінде Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі, Республикалық Ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрағасы Шаймардан Нұрымовтың «Қәлбим садаси» («Эхо души») атты кітабының тұсаукесері болып өтті. Оған депутаттың әріптестері, қоғам қайраткерлері, қоғамдық бірлестіктер өкілдері, ғалымдар, ақын-жазушылар және басқа да зиялы қауым өкілдері қатысты. Салтанатты шараның модера­торы – республикалық қоғамдық-саяси «Уйғур авази» газетінің бас редакторы, Қазақстан халқы Ассам­блеясының мүшесі Ершат Ас­матов жиналған қауымды Тә­у­ел­сіздігіміздің 25 жылдығына ар­нал­ған бұл шараның  негізгі кейіп­кері, кітап  және оның авторы жай­лы қысқаша түсініктеме берді. Алғаш­қы құттықтау сөз сөйлеген Қазақстан халқы Ассамблеясы Тө­ра­ға­сының орынбасары Леонид Пи­то­ленко алдымен көп ұлтты елі­­міз­дегі ең негізгі байлық –ұлт­­ара­лық татулық екендігін ай­та­ келіп, соның ішіндегі ұйғыр ұлтының өкілі, белгілі тұлға Шай­мар­дан Үсеинұлын жаңа кіта­бының шығуымен шын жүректен құттықтады. Содан кейін сөз алған Парла­ме­нт Мәжілісінің  депутаты Ах­мет Мұрадов, республикалық «Нұр­ Отан» партиясы Саяси кеңесі­­нің және Алматы қалалық Қоғам­дық кеңес мүшесі, Қазақстан хал­қы Ассамблеясының мүшесі Ахмет­жан Шардинов, Алматы қалалық мәслихатының депутаты Шавкет Омаров, Қазақстан Жазушылар одағы ұйғыр әдебиеті кеңесінің төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты, жазу­шы-драматург Ахметжан Ашири, мәдениеттанушы, белгілі қоғам  қайраткері Мұрат Әуе­зов, республикалық корей театр­ы­ның директоры, Қазақстан хал­қы Ассамблеясының мүшесі Любовь Ни, Қырғызстан халқы Ассамблеясының мүшесі Артық Хаджиев, тағы басқа да зиялы қауым өкілдері Шаймардан Үсеинұлының қоғамдық және шығармашылық жұмысына жоғары бағасын берумен бірге, алдағы жұмыстарына табыс тіледі. Осы жерде айта кететін жайт, Шаймардан Нұрымов – Қазақ­станның нағыз патриоты. Ол бүкіл өмірін мемлекет  қауіпсіздігіне, онда­ғы ұлттар достығы мен ұлт­аралық келісімді нығайтуға, көп ­ұлт­ты еліміздің  дамуына, өз хал­қы­ның әдет-ғұрпын, мәде­ниет­ін сақтап, дамытуға арнап келеді. Депутаттың кіта­бында, міне, осы мәселелердің бәрі қамтылған. Тұсаукесер соңында сөз сөй­ле­ген Шаймардан Нұрымов осы шара­ны ұйымдастырушыларға, жы­лы лебіздерін білдірген барлық қо­нақ­тарға шексіз алғысын жет­кізді. Шамшидин АЮПОВ   АЛМАТЫ