• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
04 Қараша, 2016

Қазақстандық 60 оқушы Дубайға жолдама алды

383 рет
көрсетілді

Павлодар облысы Качир ауданындағы №3 орта мектептің 3-сынып оқушысы Ділназ Қазбай ментальды арифметика бойынша Дубайда өтетін халықаралық олимпиадаға қатысады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. "Дубайға әлемнің 22 елінен 7 мыңға тарта бала барады. Қазақстанның барлық облыстарынан 60-тай оқушы жолдама алды. Павлодардың намысын жалғыз Ділназ Қазбай ғана қорғамақ. Ол біздің орталыққа былтырдан бері келіп жүр. Шетелден жақсы нәтижемен ораларына сенімдіміз", - дейді UCMAS Kazakhstan халықаралық ментальды арифметика академиясының Павлодардағы филиалы директорының орынбасары Айзада Қасымова. Ділназ ағымдағы жылдың мамыр айында Астана қаласында өткен ментальды арифметика олимпиадасының республикалық кезеңінде 1000-ға тарта қатысушының ішінен екінші орынға ие болған. Сол жарыста ол қараша айының 11-і күні Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өтетін XXI халықаралық олимпиадаға жолдама жеңіп алған. Айта кетерлігі, ментальды арифметика академиясы 4-12 жас аралығындағы ерекше дарынды балаларды қабылдап, ойша есеп шығару қабілетін одан ары дамытады. Былтыр Нью Дели қаласында өткізілген XX Бүкіләлемдік жарыста 52 мемлекеттің арасынан Қазақстан бүлдірішіндері 5 алтын және 11 күміс медальмен оралған.