• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
04 Қараша, 2016

Қазақтың асыл тұқымды жылқылары Қытайға жіберілмек

259 рет
көрсетілді

Қазақтың асыл тұқымды жылқылары Қытайға тасымалданады. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Олжас Аусабаевтың айтуынша, бүгінде осы мәселеге қатысты екіжақты xаттама рәсімделді. Ветеринарлық куәлікті алу ғана қалды, деп xабарлайды ҚазАқпарат. «Біз жылқы тектес жануарларды тасымалдау бойынша арнайы xаттаманы рәсімдедік. Онда Қытай жағы өз талаптарын көрсетті. Жылқыны жеткізу кезінде біз сол талаптардың барлығын сақтауымыз қажет. Хаттама бар. Енді, ветеринарлық куәлікті алу қажет. Осыдан кейін біз өз жылқыларымызды Қытай еліне тасымалдауға кірісеміз. Әсіресе, Шығыс Қазақстан мен Алматы облыстары біздің асыл тұқымды жылқыларымызды көрші елдің нарығына жеткізуге мүдделі болып отыр», - деп атап көрсетті О.Аусабаев. Оның айтуынша, бүгінде Қытай нарығына қазақстандық балық өнімдерін тасымалдау көлемі де артып отыр. Аталған жұмыспен 24 отандық кәсіпорын айналысып келеді. Бұдан бөлек, сиыр мен қой етін экспорттау бойынша Қытай жағынан бірқатар шектеулер бар. Осы салада тиісті шаралар қолға алынды. Қазіргі кезде қытайлықтар өз сараптамасын өткізіп жатыр.