• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Қараша, 2016

Түркиядағы жарылыста қазақстандықтар зардап шеккен жоқ

284 рет
көрсетілді

Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырым 4 қарша күні елдің оңтүстік-шығысындағы Диярбақыр қаласында мина қойылған автокөлік жарылысынан 8 адам қаза тауып, 100-ден аса адамның жараланғанын хабарлаған болатын. Зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл хабарлама ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Фэйсбук желісіндегі парақшасында орналастырылды, деп хабарлайды egemen.kz. Инвестициялар және даму министрлігінің туризм индустриясы департаментіне зардап шеккен қазақстандық туристер туралы мәлімет түспеген. Диярбақыр курортты қала емес әрі елдің туристік аудандарынан алыста орналасқан. Туризм индустриясы департаменті Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен тұрақты байланыста. Аталған департамент Түркия аумағындағы қазақстандық туристерді мұқият болуға және сақтық шараларын сақтауға шақырады: адамдар көп жиналатын орындарға бармаңыз, тұрып жатқан жеріңізден еш себепсіз кетпеңіз, жергілікті биліктің нұсқауларына құлақ асыңыз; туроператорлар Түркиядағы болуы мүмкін қауіптер туралы туристерді ақпараттандырып отыруы керек, делінген хабарламада.