• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
07 Қараша, 2016

Алматыдағы зауыт Жапониядағы баламасынан 5 есе қуатты – Ш.Танака

388 рет
көрсетілді

Алматыда жапон-қазақ индустриялық паркі ашылады. Бұл жөнінде қазақстандық БАҚ өкілдеріне сұхбат берген «Токио Роуп» компаниясының президенті Шигето Танака айтты. «Қазақстанның экономикасы тұрақты. Бұл біздің зауытымызды Алматыда ашуымызға себепкер болды. Бұған қоса, біз өзге елдерден көптеген тапсырыс алдық. Зауыт Алматыдағы арнайы экономикалық аймақта орналаспайды. Біз Қазақстандағы серіктестерімізбен бірге, сіздердің оңтүстік астаналарыңызда жапон-қазақ индустриялық паркін ашамыз. Онда біздің барлық өндіріс ошақтарымыз орналасатын болады», - деді ол. Шигето Танаканың айтуынша, зауыт Жапоннның заманауи технологиялық құрал-жабдықтарымен жоғары сапалы өнім шығаратын болады. Алдағы уақытта зауыт өнімдері Ресей, Орталық Азия, алыс шет елдерде экспортқа шығарылмақ. «Бұл – бірегей өндіріс ошағы. Дүниежүзінің бірде-бір мемлекетінде мұндай зауыт жоқ. Жапонияда ғана баламасы бар. Яғни, 4-тен 12 миллиметрге дейінгі темір торларды әлемде тек «Tokyo Rope Almaty» зауыты ғана шығарады. Алматы зауыты жабдықталған құрал-жабдықтары, өндірістік қуаты, әлеуеті жағынан Жапониядағы балама зауыттан 5 есеге дейін асып түседі. Басқарылуы толықтай автоматтандырылған, интернет арқылы басқарылады. Сондықтан оның асында көп жұмыс орны құрылмайды», - деді компания президенті. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».