• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
07 Қараша, 2016

Арбада спорт биін билеу бойынша Азия чемпионаты өтті

398 рет
көрсетілді

Қытайлық Тайбэеде өткен арбада спорт биін билеу бойынша Азия чемпионатында қазақстандықтар 7 медаль ұтты.  3 алтын, 2 күміс, 2 қола, деп хабарлады ҚР штаттық ұлттық командалар және спорттық резерв дирекциясының баспасөз қызметі. «Кеше 1-ші Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстан құрамасының спортшылары үш алтын, екі күміс, екі қола медаль ұтты», - делінген хабарламада. Турнир нәтижесі: Мұхтарова Малика - 2 алтын (single woman / single woman freestyle), Қалымбетова Ермек - 1 алтын(single man freestyle). Раушанбеков Дастан мен Аталықова Кулшум - күміс (combi freestyle class 2), Отарбаев Ардақ пен Бегленова Айдана - күміс  (combi standard class 1), Отарбаев Ардақ пен Бегленова Айдана - қола (combi latin class 1) Раушанбеков Дастан мен Мұхтарова Малика - қола  (duo latin class 2).