Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Мексикада Айман Мұсақожаева мен Мехико штатының Симфониялық оркестірінің гала-концерті өткізілді, деп хабарлайды egemen.kz 24.kz арнасына сілтеме жасап.
2016 жылғы 4 қарашада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау шеңберінде Қазақстанның Мексикадағы Елшілігінің қолдауымен Толука қаласының (Мехико штаты, Мексика) «Felipe Villanueva» концерт залында Айман Мұсақожаеваның атақты мексикалық дирижер Энрике Батистің (Enrique Bátiz) басшылығындағы Мехико штатының Симфониялық оркестрімен бірлескен гала-концерті болып өтті. Әлемдік деңгейдегі қазақстандық скрипкашының концертін тыңдауға Мехико штаты басшылығының, жергілікті парламенттің және зиялы қауым өкілдері келді.
Мексика жұртшылығы А.Мұсақожаеваның орындауында әлемдік классиканың қазыналары Иоганнес Брамстың «Скрипка үшін ре мажор концерті, 77 шығармасының», сондай-ақ Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» шығармаларының орындалуын тыңдады. Оның шабыты, кәсібилігі, көпқырлылығы мен сүйкімділігі тоқтаусыз шапалақпен және шаттық теңеулермен орындаушыға мәртебе көрсеткен және сахнадан көпке дейін жібермеген мексикалық тыңдаушыларды тәнті етті.
Мехико штатының тұрғындары қазақстандық өнермен алғашқы рет танысқанын және сахнадан тыс орын алған сұхбаттарда болашақта осындай кездесулер болып тұратынына үміттерін білдірді. А.Мұсақожаеваның осындай тағы бір концерті 2016 ж. 6 қарашасында Икстапан де ла Саль қаласында (Мехико штаты) да өтті, деп жазады ҚР СІМ баспасөз қызметі.