ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері Жамбыл облысында орын алған дауылдан кейін азаматтық тұрғындарға қалпына келтіру жұмыстарына көмектесті.
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 1 000-нан аса жеке құрамы қалпына келтіру жұмыстарына, жолдарды, аула аумақтарын тазартуға тартылды. Салдарды жоюға 30-дан аса әскери техника пайдаланылды.
Жамбыл облысындағы дауыл нәтижесінде қатты жел ағаштарды құлатып, ғимараттардың шатырын жұлып әкетті және бірнеше ондаған елді мекенді жарықсыз қалдырып, электр құрылғылары желісін үзіп тастағанын естеріңізге сала кетейік. Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Көгілдір отын, жылу мен судың берілуі қалыпқа келтірілді. Тараз қаласы бойынша төтенше жағдай режімі жарияланды.