• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
11 Наурыз, 2011

ҮКІМЕТ

335 рет
көрсетілді

“Егемен Қазақстанның” апталық қосымшасы

Ауылды қолдаудың тиімді бағыты Қазақстан халқы қаңтардың 28 жұл­ды­зын­дағы Жолдауда айтылған жетістіктеріміз бен алдымызда тұрған асқара­лы міндеттерді зор ықыласпен қарсы алуда. Жолдауда қашандағыдай респуб­ли­ка­мыздағы аграрлық саланы дамытуға арналған арнайы тармақтар бар. Онда ай­тылған басты міндет – етті мал шаруа­шылығын дамытудың келелі жобасын жүзеге асыру, сөйтіп, 4 миллион тонна астықты экспорттауға тең келетін 60 мың тонна ет өнімдерін экс­порттауға же­тісу. Бұл, ең алдымен, біздің корпо­рацияға үлкен міндеттер жүктейді. Ғасыр басында, тәуелсіздігіміздің он жыл­дығы қарсаңында, ең алдымен ауыл­­ды қол­дау қажеттігін алдағы дамуы­­мыз­дың ба­сым бағыты санап, ауыл экономи­касын көтеру үшін мемлекеттік реттеу­дің жаңа­ша бағыттары белгіленген бола­тын. Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қол­даудың жаңа даму инсти­тут­тарының ал­ғашқы қарлығашы болып 2001 жылы 25 қаңтарда «Аграрлық несие корпора­циясы» жабық акционерлік қоғамы құрылды, сол ар­қылы ауыл шаруашы­лығы тауар өндіруші­лерінің жеңілдетіл­ген несие ресурстарына қолжетімділігін қамтамасыз етуге жаңа мүмкіндіктер жасалды. Несие корпорациясы сол жылы нау­рыз айының басынан бастап өз міндеттерін атқара бастады, содан бері он жыл уақыт өтті. Осы он жыл ішінде біздің корпорация арқылы ауыл шаруашылығы өндірісін несиелейтін мемлекеттік қар­жы ресурстарын ауыл­ға жүйелі түрде бағыттауға жол ашылды. Республика Үкіметі 2006 жылғы 7 шілдеде «Агроөнеркәсіптік кешенді ма­ман­данды­рылған ұйымдардың қатысуы­мен қолдаудың кейбір мәселелері тура­лы» № 645 қаулы қабылдады. Агроөнер­кәсіптік кешенді қол­дау­ды жаңа сатыға көтерген бұл қаулыға сәйкес алты ма­мандандырылған ұйымдар акционерлік қоғам ретінде құ­ры­лып, жыл соңына қа­рай «Қазагро» ұлттық холдингіне бірікті. Сол сәт­тен бастап бұл акционерлік қо­ғам­­дар­дың жеке-жеке міндеттері анық­­талды, бірі АӨК субъек­тілерін не­­сие­леудің инсти­тут­тық қызметтерін жасаса, бірі лизингтік бағ­дарламалармен жұ­мыс атқарады. Енді біреулері астық саудасымен айна­лысады, егіншілік пен мал шаруа­шы­лығы өнімдерін экспорт­тауды ұйымдас­ты­­рады, астық және мақта кепілі негізінде берілген міндеттемелерді орындайды, сақтан­дыру және АӨК субъектілерін ақпараттық-марке­тинг­тік қолдаумен ай­на­лысады. Қысқа­сы, әр салада мемлекеттік қолдау сая­сатымен айналысатын белгілі бір мекемелер қалып­тасты. Солардың ішінде, біздің «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қызметі кредиттеу жүйесін халыққа барынша жақын­датып, несие алуды белгілі бір дәрежеде реттеу ісіне бағыт­талынды. «Аграрлық несие корпорациясы» ар­қылы ауыл шаруашылығын қолдаудың жаңа бағыттары жасалды, 2001 жылдан бастап еліміздегі барлық селолық аудандарда кредиттік серіктестіктер құрыла бастады. Бастапқы жылы алғашқы 18 кредиттік серіктестік құ­рылып, корпорация тарапынан қаржыланды­рылған болса, 2006 жылы бұл кредиттік серіктестіктер саны 146 бірлікке, ал оларға мемлекет тарапынан бөлінген қаржы 9,68 млрд. теңгеге жетті, бүгінде серіктестік­тердің саны 161 бірлікті құрап отыр. Үкімет қаулысына сәйкес біздің корпорация бастапқы 7 жыл ішінде кредиттік серіктестіктерге, ауылдық тұтыну кооперативтеріне және ауылдық жердегі кәсіпкерлік қыз­меттің ауыл шаруашы­лы­ғына жатпайтын түрлерімен шұғыл­данушыларға кредит беруді жүзеге асырды. Бұларға соңғы жылдары шағын және орта бизнеске қолдау көрсету, көк­темгі егіс және өнім жинау жұмыста­рына несие беру, асыл тұқымды мал шаруашы­лығын дамыту бағдарламалары қосылып отыр. Корпорация құрылғалы бергі он жыл­­дың негізгі бағыттары мен көрсет­кіштері қандай? Корпорацияның қаржы­лық капиталы бүгінде 48,6 млрд. теңгеге жетті, активі – 88,7 млрд. теңге. Өткен бес жыл ішінде мына көлемде кредиттік ресурстар берілді: 2006 жылы 12,5 млрд. теңге, 2007 жылы 19,4 млрд. теңге, 2008 жылы 40,0 млрд. теңге, 2009 жылы 35,6 млрд. теңге, 2010 жылы 39,1 млрд. теңге. Осы жылдар ішінде бюджеттен игерілген қаржылардың өсу динами­ка­сын көрсетер болсақ, 2006 жылы 8,2 млрд. теңге, 2007 жылы 9,6 млрд. теңге, 2008 жылы 10,2 млрд. теңге, 2009 жылы 2,1 млрд. теңге, 2010 жылы 24,3 млрд.теңге болды. Кредиттік серіктестіктерді несиелеуге 2006 жылы 5 347,5 млн. теңге, 2007 жылы 6 508,9 млн. теңге, 2008 жылы 6 966,9 млн. теңге, 2009 жылы 1 000,0 млн. теңге, 2010 жылы 5 000,0 млн. тең­ге бөлінді, ауыл шаруашылығы өнім­дерін дайындау, сақтау, өңдеу, сату инф­ра­құрылымдарын несиелеуге 2006 жы­л­ы 2 804,8 млн. теңге, 2007 жылы 2 395,3 млн. теңге, 2008 жылы 2 257,5 млн. теңге, 2009 жылы 700,0 млн. теңге, 2010 жылы 1 007,5 млн. теңге бөлінді, ауылдық жерлердегі кәсіпкерлік қызмет­тің ауыл шаруашылығына жатпайтын түрлеріне 2007 жылы 700,0 млн. теңге, 2008 жылы 1 001,2 млн. теңге, 2009 жы­лы 366,7 млн. теңге, 2010 жылы 324,1 млн. теңге кредит берілді. Бүгінгі таңда кредиттік серіктестіктерге қатысушылардың саны 6799-ға жетті, оның 82 пайызы шаруа қожалық­тары, 10 пайызы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, 8 пайызы өзге ұйым­дар. Он жылдың ішінде кредиттік серік­тестіктердің қалыптасуы мен одан әрі дамуына 74 730,7 млн. теңге қаржы несие ретінде берілді, оның 59 188,1 млн. теңгесі соңғы бес жылдың үлесіне тиеді. Ауыл шаруашылығы тауар өндіру­ші­лері мен ауыл тұрғындарының бірлестіктерін қаржылай қолдау селолық тұ­тыну кооперативтерін құру арқылы жүзеге асырылды. Бұл бірлестіктер ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен ауыл тұрғындарын бірлескен жағ­дайда өнім өндіру, оны сақтау, қайта өңдеу, тасымалдау, сату және осы істерді ұйымдастыруға қажет тауарлармен және материалдық құндылықтармен қам­та­масыз ету істерімен айналыса бастады. Осы принциптер негізінде 2006-2010 жылдары құрылған 138 селолық тұтыну кооперативтеріне корпорация тарапынан 9,4 миллиард теңге қаражат бөлінді, соның есебінен олардың құрамындағы 1636 ауыл шаруашылығы тауар өндіру­шілері мен 3 472 жеке қосалқы шаруа­шылықтың жағдайын жақсартуға мүмкіндік туғызылды деуге негіз бар. 2010 жылы республикалық бюджеттен 17 кооперативке 1 миллиард теңге­ден астам қаражат бөлінді. Бұл 17 жобаны жекелеп айтар болсақ, ет дайындауға – 44,9 миллион теңгелік 2 жоба, етті қайта өңдеуге – 3,4 миллион теңгелік 1 жоба, астық пен жүнді қайта өңдеуге – 75,7 миллион теңгеге 2 жоба, сүтті қайта өңдеуге – 5,0 миллион теңгеге 1 жоба, астықпен қамтамасыз етуге – 417,7 миллион теңгеге 2 жоба, мақта дайындауға  460,8 миллион тең­геге 9 жоба қаржыландырылды. Корпорация көптен айналысып келе жатқан үшінші бағыт – ауылдық жердегі кәсіпкерлік қызметтің ауыл шаруашы­лы­ғына жатпайтын түрлеріне кредит беру болып табылады. Бұл сала несиелендіріле бастаған 2007 жылдан бергі 4 жыл ішінде корпорация 131 займ алу­шының 137 жобасын жалпы сомасы 2 458,5 миллион теңгеге қаржы­лан­дырды, оның 2 392,0 миллион теңгесі бюджеттік қаржылар есебінен берілді. Өткен жылғы көрсеткіштерді талдап айтар болсақ, 324,1 миллион теңгеге 9 жоба мына төмендегі бағыттар бойынша қаржы­ландырылды: - жеңіл және тамақ өнеркәсібі өнімдерін өндіру – 15,1 миллион теңгеге 2 жоба; - туризм – 279,4 миллион теңгеге 2 жоба; - ауылдағы сауда нүктелері – 11,3 миллион теңгеге 2 жоба; - жол бойындағы сервис – 10,0 миллион теңгеге 1 жоба; - қонақүй бизнесі – 6,3 миллион теңгеге 1 жоба; - балық аулау – 2,0 миллион теңгеге 1 жоба. Бюджеттен тыс қаржыларды тарта оты­рып АӨК субъектілерін кредиттеу бағдарла­масы бойынша қайтарылған қаржылардың есебінен ішкі рынокқа облигациялар шығару мен орналастыру және Dresdner Bankтің екі жақты займдарын іске қосу арқылы 2007-2010 жылдары 27 775,2 миллион теңгелік 109 жоба қаржыландырылды. Бұларға қоса 2009 жылы корпорация Алматы облысы әкім­дігімен 200,0 миллион теңге қаржы тарту үшін келісім-шартқа отырды, со­ның есебінен 2009 жылы 39,2 миллион теңгелік 1 жоба, 2010 жылы 64,7 миллион теңгелік 3 жоба жүзеге асырылды. Корпорация 2009 жылдан бастап бірнеше жаңа жобаларды жүзеге асыруды бастады, соның бірі ауылшаруашылық тауар өндірушілерін көктемгі егіс және күзгі өнім жинауды ұйымдастыру үшін кредиттеу болып табылады. Бұл бағытта 2009 жылы Ұлттық банктен алынған қаржы есебінен 15 481,5 миллион теңге болатын 98 жоба, 2010 жылы республи­калық бюджет қаржысы есебінен 12 941,7 миллион теңгелік 34 жоба қаржы­ландырылды. 2010 жылы алғаш рет корпорация ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу мен тамақ өнімдерін өндіру ісін кредиттеуді бастады. Бүгінге дейін корпорацияға 9 779,3 миллион теңгелік 12 өтінім келіп түсті, өткен жыл ішінде 5 миллиард теңгенің 4 жобасы бюджет қаржысы есебінен қаржыландырылды. Екіншіден, 2009 жылдан бастап корпорация Ұлттық қордың қаржысы есебінен инвестициялық жобаларды несиелеу бағдарламасын бастады. Ұлттық қордан барлығы 62,9 миллиард теңге қаржы бөлінді. 2009-2010 жылдары жалпы сомасы 14 363,4 миллион теңге болатын 32 жоба қаржыландырылды, оның ішінде: 2009 жылы 6 262,7 миллион теңгеге 13 жоба, 2010 жылы 8 100,7 миллион теңгеге 19 жоба игерілді. Корпорация тағы бір жаңа бағыт бойынша 2011 жылдан бастап мал ша­руа­шылығын әрі қарай дамыту, сонымен қатар ірі қара мал басын арттыру және бордақылау алаңдарын жас төлдермен қамтамасыз ету үшін жаңа бюджеттік бағдарламаларды іске асыруды жоспарлап отыр. Ол бағдарламалар орта шаруа фермерлік қожалықтарындағы мал ша­руа­шылығын дамытуды кредиттеу мен асыл тұқымды ірі қара мал табынын (асыл тұқымды шаруашылық-репродук­торлар) қалыптастыру мен молайтуды кредиттеу арқылы жүзеге асырылмақ. Орта шаруа қожалықтарындағы мал шаруашылығын дамыту ісін кредиттеуге 2011 жылға 3 700,0 млн. теңге қаржы жоспарланды. Бағдарлама мақсаты ша­ғын және орта бизнесті етті мал шаруа­шылығын дамытуға ынталандыру, ол үшін саны отыздан асатын ірі қараны сатып алуды және айналым қаражатын толтыруды  жоспарлайтын ұсақ фермерлік (шаруа) қожалықтарына кредит беріледі. Асыл тұқымды ірі қара мал табынын қалыптастыру мен молайтуды кредиттеу­ге 2011 жылға 7 500,0 млн. теңге қар­жы жоспарланды, бұл бағдарламаның мақ­саты мал шаруашылығы саласының тұ­рақты дамуын қамтамасыз ету үшін ет бағытындағы асыл тұқымды, өнімділігі жоғары ірі қара малды өсіруді ынталан­дыру болып табылады. Осы бағдарлама бойынша қаржыландыру жаңа шаруа­шы­лық-репродукторлар желісін құруға, сондай-ақ бұған дейін жүзеге асқан асыл тұқымды шаруашылықтарды қай­та құру мен жаңғыртуға бағытталатын болады. Құрылатын асыл тұқымды шаруа­шылық-репродукторлар асыл тұқымды мал басын фермерлік және шаруа қожалықтарына өткізу үшін көбейтеді, ал жарамсыз мал басы мен бұқалардың бір бөлігі жаңадан құрылып жатқан бор­дақылау алаңдарына және мал шаруа­шы­лығының етті бағытын дамыту бойынша жұмыс жасайтын шаруашы­лық­тарға жеткізіледі. Корпорацияның бүгінгі міндетіне не жатады? Тұжырымдап айтсақ, ол – корпоративті басқарудың әлемдік озық тәжірибесіне сәйкестік негізінде ауыл­дағы кәсіпкерліктің бәсекеге сай да­муын ынталандыратын қолжетімді несие жүйе­сін қалыптастырудағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру. Бұл үшін біздер  Үкімет басымдық берген агроөнеркәсіптік ке­шеннің ин­дус­триялық-инно­ва­ция­лық да­муын қам­тамасыз ету бағытында жұ­мыс атқарамыз және осы­ның негізінде еліміздің аг­рарлық саласы­ның бәсе­кеге қабілеттілігін арт­тыру, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қам­тамасыз ету ісі­не өз үле­сі­мізді қосатын боламыз. Дәуренбек ҚАЖАХМЕТОВ,  «Аграрлық несие корпорациясы»  АҚ басқарма төрағасы.