• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Наурыз, 2011

Заңнамалардың сақталуы ерекше назарда болады

344 рет
көрсетілді

Кеше Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, онда 2011 жылғы 3 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республи­ка­сы­ның кезектен тыс президенттік сайлауына байқаушыларды тіркеу туралы мәселе қаралды. Орталық сайлау комиссия­сы­ның мүшесі Татьяна Охлоп­кова­ның хабардар етуінше, кеше Ор­талық сайлау комиссиясы ТМД-ның миссиясынан – 15, шет мемлекеттерден 6 байқаушыны тіркеді. Тіркелген байқаушылардың са­ны қазірге 95-ке жетті. Олар­дың 44-і ЕҚЫҰ-ның Демо­кра­тиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы мис­сиясынан, 32-сі ТМД миссия­сынан, 17-сі шет елдерден, ал 2-еуі Халықаралық мемлекеттік институтынан. Отырыстан кейін Орталық сай­лау комиссиясының төрағасы Қуан­дық Тұрғанқұлов брифинг өткізіп, кандидаттардың сайлау­ал­ды үгіт науқаны барысындағы жұмыстары­мен таныстырды. Он­ың айтуынша, Орталық сайлау ко­миссиясы кан­дидаттардың сай­лауалды үгіт нау­қаны кезінде сайлау заңнама­лары­ның талапқа то­лық сай орын­далуына ерекше кө­ңіл бөліп отыр. Бүгінде президенттікке кандидат­тардың сай­лау­алды үгіт жұмыс­тары қызу жүріп жатыр. – Соған қарамастан, біз президенттікке кандидат ретінде тіркелген үміткерлердің саяси додаға ерекше белсенділікпен кіріскендігін байқап отырмыз, – деді ол осы туралы. – Кандидаттар өздеріне берілген ұйымдастыру­шы­лық және қаржылық мүм­кін­діктерді барынша тиімді пайда­лануға тырысуда. Осындай саяси науқан кезеңінде Орталық сайлау комиссиясының басты мақсаты барлық кандидаттарға БАҚ-тарда өздерінің материалдарын жариялау үшін теңдей мүмкіндік беретін сайлау заңнамаларының та­лап­қа сай орындалуын қадағалау болып табылады. Сайлауалды үгіттің жүр­гізі­луін, сондай-ақ бұқаралық ақ­парат құралдарының қызметін реттейтін сайлау заңнамасы нор­ма­ларының орындалуын бақы­лау­ды реттеуді ұйымдастыру мақ­сатында Орталық сайлау комис­сиясы Байланыс және ақпарат министрлігімен бірлесе отырып, БАҚ-тарға мониторинг жүргіз­ген­дігін атап өтті. Төрағаның атап өткеніндей, ол 53 басылым мен 11 республикалық теледидар арнасын қамтыған. Мониторинг деректері бойынша 3-10 наурыз аралығында БАҚ-тарда сайлау тақырыбына арналған 223 материал жарияланды. Электронды БАҚ-тарда аталған күндер ара­лығында 406 материал эфирге шы­ғып, 166 материал қоғамдық саяси интернет-ре­сурстарында ор­наластырылды. ОСК төрағасы, сондай-ақ кандидаттардың осы мүмкін­дік­тер­ді қалай пайдаланып жатқан­дықтарынан да хабардар етті. Төрт кандидаттың үшеуі БАҚ-тарда үгіт жүргізу үшін сайлау қорларының қаражатын әлі пайдаланған жоқ. Ал теледидар арналарында үгіт материалдарын орналастырды. Кандидаттар мен олардың сай­лауа­л­ды штабтары­ның қызметі ту­ра­лы рес­публи­ка­лық те­ле­арналардағы қо­рытынды жаңа­лық­тар блоктарын­дағы сюжеттер са­нынан БАҚ-тарда тұ­тастай сайлау заңнамасының та­лаптарының орын­далғаны кө­рі­­неді. Ал сайлау заңнамасының та­лаптарына сәй­кес кандидат­тар­ға теледидардан 15 минөт сөз сөйлеген және радиодан 10 минөт сөз сөйлеу үшін, сондай-ақ бас­пасөзде 2 ма­қала жариялау үшін бөлінген қаражатты тіркелген канди­дат­тар­дың бір де бірі әзірге пай­даланған жоқ. Орталық сайлау комис­сия­сы­ның төрағасы, сондай-ақ кезектен тыс президенттік сайлауды өткізуге байланысты ақпараттық дауларды қарау жөніндегі қо­ғам­дық кеңестің және Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің өтініш­терін қарау жөніндегі жұмыс тобының құрылғандығынан хабардар етті. Кеше Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің өтініш­те­рін қарау жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті. Отырыста белгілі болғанындай, 11 наурыздағы жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына 14 шағым келіп түскен. Олардың біреуі сайлау комиссиясының іс-әрекеттеріне байланысты, екеуі үгіт науқаны барысында сайлау заңнамасы нормалары бұзылуы мүмкін деген жорамалдарды қам­тиды. Аталған шағымдарды қа­рау барысында оларда көрсетіл­ген фактілер расталмаған. Ша­ғым­данушыларға түсініктемелер берілген. Ал 2 өтініш қаралу үстінде екен. Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ.