• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
15 Наурыз, 2011

Сапалы тамақ – денсаулық кепілі

3282 рет
көрсетілді

15 наурыз – Халықаралық тұтынушылар құқығын қорғау күні Табиғи ақуыз текті тамақ өнім­дерімен халықты қам­та­ма­сыз ету айрықша маңызды мін­деттердің бірі. Әсіресе, төрт тү­лік малдан алы­натын ет, сүт өнім­­дері қазақ хал­қының ежелден күнделікті тұтынатын ұлт­тық тағамдарының құрамдас бөлігі болып келді. Сол се­бепті біз­дің халық ерте заманнан жыл­дың әр мезгілінде мал­дың ба­ғым-күті­мі­не ерекше мән беріп, тұқым­дық ерекшеліктерін ес­кере оты­рып сұрыптау, жылдың төрт мез­гілінде жайылым жа­ңар­ту арқылы төрт түліктің дені­нің сау, қоңының жақсы болуын қам­­тамасыз етумен бірге, азық үшін сойылатын малды іріктеп дайын­дау, сақтау, ас мәзірін әзір­леу сияқ­ты технологиялық үр­діс­тер­дің әдіс-тәсілдерін қалып­тас­ты­рып, ұрпақтан-ұрпаққа жал­­ғас­тырып келді. Ата-бабаларымыз төрт түлік малды ерекше қастерлеп, иесі­нің өз малына деген қамқор­лы­ғының жоғары деңгейде болуын дәріп­теп, малмен күнделікті қа­рым-қа­тынастың ізгілікті қағи­да­ларын ұстану дәстүрін ұрпақ­тың бойына сіңіруді мақсат тұт­қан. Мысалы, малды ұрып-соғу, әсіресе, сояр алдында қинау, қа­ты­гездік жасаудан мал ағзасында пайда болатын түршігу, шошы­ну­дың әсерінен мал­дың еті мен сүтінің құрамына өз­герістер еніп, биологиялық құн­ды­­лы­ғы мен са­па­лық қасиеті тө­мен­дей­тіндігін қазіргі ғылым дә­лел­­деу­де. Осы­лай­ша біздің ата-ба­ба­­лары­мыз тіршілік арқауы бол­ған төрт түлік малдың қадір-қа­сиетін қас­тер­лей отырып, оның бағым-күті­міне ерекше мән беру арқылы ет, сүт өнімдерінің қорек, қуат­ты­лы­ғын толықтай пайдалана білді. Соның арқасында тәні сау, жаны таза, ақ пейілді халықты осы­нау ұлан-байтақ өлкенің заң­ды мұра­гері етіп қалдырып кетті. Адам ағзасының қалыпты да­муында, денінің сау, санасының сер­гек болуында табиғи да таза та­мақ өнімдерінің рөлі аса жо­ға­ры болатындығы белгілі. Алайда, қазіргі заманда әртүрлі техногендік әсерлерден, қоршаған ор­та­­ның ластануы салдарынан әлем­де мал­­дың қауіпті жұқпалы ауру­лары пайда болуымен қатар, адам ағзасы үшін аса қауіпті химиялық зиян­ды элементтер (мыс, қорға­сын, сынап, мырыш қатарлы улы металдар, радионуклидтер, пес­тицидтер мен антибиотиктер т.б.) малдың жайылымы мен жем-шөп, өсімдік арқылы малға беріліп, мал өнімдері арқылы адам ағза­сы­на еніп, әрқилы ауру­лар­дың туын­дауы­на себепкер болуда. Сондай-ақ қазіргі кезеңдегі өн­­дірістік технологияның дамуы нә­ти­жесінде азық-түлік тағам­дарын дәм­дендіру, сақталу мерзімін ұзар­ту мақ­сатымен түрлі тағамдық қос­па­ларды пайдалану да азық-тү­лік өнім­дерінің табиғи құрамына ай­тар­лықтай өзгерістер келтіруде. Кей­бір өндіріс орындары өнім кө­лемін ұл­ғайту үшін де тағамдық қос­паларды пайдаланудың түрлі тех­нологиялық әдіс-тәсілдерін қол­дануда. Мысалы, шұжық өндіру кезінде сапасы төмен шикізат қал­дық­тары мен малдың ішкі ағза­ла­рын пайдалана отырып өнімнің өзін­дік құнын азайтып, өндіріс кө­ле­мін ұлғайту іс әрекетін бүрке­ме­леу үшін де әртүрлі дәмдеу­ші, әр­леуші қоспаларды қолдана­ты­ны бел­гілі. Бүгінде әлемнің дамыған көптеген елдерінде азық-түлікке, со­ның ішінде, ет өнімдеріне жа­санды қоспаларды пайдалану тәжі­ри­бесі кеңінен өріс алуда. Ет өнімдерінен адам ағзасы аса қажетті табиғи ақуыз, түрлі ми­­не­ралды заттар мен дәру­мен­дер ала­тын­дықтан басқа тағам түр­леріне қарағанда биологиялық құндылығы өте зор етке халық­тың сұранысы да әрқашан жоғары болып келді. Әлем елдерінде ет өнімдерін өндіру көле­мін ұлғайту үрдісі тек табиғи шикізат көздері есебінен ғана жүзеге асы­рылып отырған жоқ. Әсіресе, соң­ғы кездері ет өңдеу кәсіп­орын­дары өз мүдделерін тұтынушы мүд­де­сі­нен жоғары қойып, өнім көле­мін арт­тыру үшін тағамдық құнды­лы­ғы төмен қосымша өнімдер (өк­пе, бауыр, ішек, қарын т.б.) мен әр­түрлі қоспаларды кеңінен пайдалануда. Мұндай қоспалар тамақ өнім­дерінің биологиялық құнды­л­ы­ғын төмендетеді. Себебі, өнім құрамын­да толыққұнды ақуыз мөлшері жеткілікті бола алмайды. Ал күнделікті өмірде қара­па­йым тұтынушы ет өнімдерін са­тып аларда тек сезім мүшелерінің көмегімен сыртқы түр-түсі, иісі, консистенциясы сияқты көрсет­кіш­теріне баға беру, орама сыр­тын­дағы ақпаратпен танысу ар­қылы ғана, сол өнімді сатып алу немесе алмау туралы шешім жа­сайды. Яғни адамдардың еттің хи­­миялық және микро­биоло­гия­лық көрсеткіштерін анықтайтын мүмкіндігі жоқ. Өнім құрамын­дағы зиянды заттарды анықтау тек зертханалық тәсіл арқылы жү­зеге асырылады. Ал өнімнің сырт­қы орамасына жазылатын тұтыну­шыға арналған ақпараттар сол өнім туралы шынайы мәліметтерді то­лық қамти бермейді. Тіпті кейбір кәсіпорындар мен фирмалар­дың өнімге қосылған бөгде қос­па­лар­ды жасырып, жалған ақпарат беру оқи­ғалары да кездеседі. Мұн­дай жағ­дай­лар адамдардың ден­сау­лы­ғы­на зиян келтіріп, тіпті өмір­лері­не қауіп төндіруі де мүм­кін. Сон­дық­тан мем­лекет пен тұ­ты­нушы қауым та­рапынан азық-түлік өнім­дері­нің қауіпсіздігін ба­қылау, қа­да­ғалау іс шараларын жо­ғары дең­гейге кө­те­ріп, жетілдіру­дің маңызы зор. Соңғы жылдары біздің елде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі жө­ні­нен бірқатар техникалық регламенттер мен заң актілері қабыл­дан­ды. Солардың бірі 2010 жылы мамырда қабылданған «Тұтыну­шы­лардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­ның Заңы. Бұл заңда тұтыну­шы мен сатушының құқылары мен міндеттері, әсіресе, тұтыну­шы­­лар мүддесі тұрғысынан жан-жақ­ты қарастырылып, айқындал­ған. Осы заңда көрсетілгендей, сапасы тиісті талаптарға сай емес тауарды тұтынушы сатушыға қай­тарып беруге, оған төленген ақша­лай сома­ны қайтарып алуға құқы­лы. Сон­дай-ақ, тауардың және көр­­сетілген қызметтің кемшіліктері салдары­нан өміріне, денсау­лы­ғына немесе мүлкіне келтірілген зиянды то­лық көлемде өте­ту­ге тұтыну­шы­ның құқығы бар. Тұтынушының осындай құқы­ларын толықтай қамтамасыз ету үшін тауарды (өнімді) зертхана­лық тексеруден өткізудің барлық мүмкіндіктері жасалуы тиіс. Ол үшін қазіргі жеке меншік форма­дағы сертификаттау органдары мен сынақ зертханалардан тыс ар­найы мемлекеттік бақылау жүр­гізу ұйымдары мен сынақ зерт­ха­на­лары жұмыс істеуі қажет. Ол ұйымдар мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылуы тиіс. Соны­мен қатар, өздеріне қандай бір даулы мәселе келіп түскен кезде тексеру жұмысының шығындары сол кінәлі мекеменің қаражаты есебінен жұмсалуы керек. Казіргі кезде тұтынушы­лар­дың өз құқыларын толық пайдалана алмау жағдайлары жиі кездеседі. Оның ең негізгі себебі тұ­тынушылардың заңмен қорғалған өз құқыларын толық біле бермеуінде. Осыған байланысты еліміз көлемінде өнім өндіру, қызмет көрсету және сауда-саттық сала­сын­дағы мемлекеттік бақылау, қа­да­ғалауды ұйымдастыру форма­ларын одан әрі жетілдіру қажет­тілігі туындап отыр. Казіргі кезде Қазақстанға қа­жетті ет өнімдерінің 50-55 пайы­зы импорттың үлесіне тиеді. Азық-тү­лік өнімдерін өндіру көлемі аса жо­ғары болып келетін мемлекеттерден біздің рынокқа келіп түс­кен ет өнім­дері өзінің тағамдық құн­дылығы және химиялық құра­мы бойынша ерекшеленеді. Әсіре­се, ол елдерде ет өнімдерін ұзақ сақтауға арналған технологиялық әдіс, тәсілдердің жедел дамуына байланысты өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау, қадағалау мәселесіне жете көңіл аудару қа­жеттілігі туындайды. Елбасының Қазақстан халқы­на арнаған биылғы Жолдауында алдағы жылдары елімізде етті мал шаруашылығын дамыту жөнін­дегі жаңа жобаны жүзеге асыру ар­қылы 2016 жылы 60 мың тонна ет өнімін экспорттау мақсаты қо­йылды. Сондықтан Үкімет бағ­дар­лама қабылдап, жоғарыдағы мақ­сатты жүзеге асыру іс-шара­лары қолға алына бастады. Алайда, аталған стратегиялық жос­пар-жобалардың тиімділігін арт­­ты­ру үшін сапа мен қауіп­сіздік мә­селесіне баса назар аудару қа­жет. Себебі, қазіргі кезеңде өнім­нің сапасы мен қауіпсіздігі бәсе­ке­лестіктің басты өлшемі ретінде қарастырылуда. Әсіресе, экс­порт­­қа шығарылатын ет өнім­дері­нің сапасы мен қауіпсіздік деңгейі ха­лықаралық стандарт талап­тарына сай болуы шарт. Дамыған елдерде ет өнім­дері­нің сапасы мен қауіп­сіз­ді­гі­не аса үлкен мән беріліп, заң­на­м­алық дең­гейде реттеледі. Адам ағзасы үшін ет өнімдерінің са­па­сы мен қауіпсіздігінің өзекті­лі­гін ескере отырып халық­ара­лық деңгейде бір­­­қатар құжаттар бекітілген. Олар­­дың ішінде техни­калық кедергілер жөніндегі Бүкіләлемдік сауда ұйы­мы келісімі міндетті және ұсы­ным­дық талаптарды бел­гілеу, сон­дай-ақ әзірлеу, қол­дану үрдістері­нің нақ­ты­лығын қам­тамасыз ету бойынша негізгі ережелерді анық­тайды. Стандарттау жөніндегі ИСО ха­лықаралық ұйымынан ет өнім­дері­не қойылатын талаптар, терминология, органолептикалық ба­ға­лау жүргізу, ет өнімдерінің хи­миялық және микробиологиялық көрсет­кіш­терін анықтау әдістері­не байла­нысты 30-дан астам стандарт бекітілген. Осы стандарт­тар­ды ұлттық стандарттар ретінде қол­­дануға бо­лады және оларды қолдану ет өнім­дерінің сәйкес­ті­гін бағалау нәтиже­лерін өзара мо­йындау, қабылдау негізі болып табылады. Тамақ өнімдері, соның ішінде ет өнімдерінің қауіпсіздігін қам­та­масыз ету саласындағы ең жетік заңнама Еуропалық одақта қа­былданған. Ет өнімдерінің қауіп­­сіз­дігіне қоғам тарапынан қойы­латын талаптардың күн санап өсуі­не байланысты ЕО осы өнім­нің өндірілуі кезіндегі гигиена­лық нормаларды барынша қатай­ту­­ға тырысуда. Еуропалық стандарттар сон­дай-ақ ет өнімдеріне қосылатын тағамдық қоспалар мен хош иістендіргіш заттарға қойылатын та­лаптарды белгілейді. Сонымен қа­тар, ет өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасына әсер етуші аса ма­ңыз­ды факторлардың бірі болып табы­латын мал азығының сапа көрсет­кіштері мен тағамдық қос­паларды бақылаудың тиімділігін арттыруға бағытталған. Сондық­тан ЕО және­де басқа дамыған ел­дердің ет өнім­деріне қатысты стан­дарт­та­ры­на біз­дің отандық стан­дарт­тар­ды үй­лес­тіру кезінде олардың ар­тық­шы­лық жақтарын оңтайлы пайда­ла­ну­дың маңызы зор. Сайт ЗАХАН, Бейбіт ЖУСИН, С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ доценттері.