• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
11 Қаңтар, 2017

Білікті ұстаз тұлғаны қалыптастырады

638 рет
көрсетілді

Қазіргі таңда қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне енуі аясында педагогтың жеке тұлға ретіндегі бейнесі, оның кәсіби біліктілігі айрықша мәнге ие болуда. Оқу орнындағы педагог білім беру үрдісін жаңартудағы басты тұлға. Бүгінгі өмір талабына лайық білім беру жүйесін қарқынды жаңғырту үрдісі бағытындағы игі істер ел дамуының стратегиялық міндеттерімен, «Мәңгілік Ел» идеясымен ұштасып жатқаны айқын. «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің ты­ғы­раққа тірелері анық», деген ойды ел Президенті бекер айтпаса керек. Сол себептен, білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға ар­нал­ған мем­­лекеттік бағ­дар­ла­ма­сын­­дағы міндеттерді іске асы­­ру мақсатында «Өрлеу» БАҰО» акционерлік қоғамының негізгі стра­тегиялық бағыттарының бірі – педагог  қызметкерлердің біліктілігін артты­рудың мазмұнын әлемдік және отандық тәжірибе негі­зін­де жаңарту жұмыстарын ат­қарып, оңтайлы мазмұнды іс­терді жүзеге асыру.  Институт ұжымы «Тұлға қа­лыптастыруда ұлттық құндылықтар не­гізінде білім мен тәрбие берудің пе­­дагогикалық-психологиялық ас­пек­ті­ле­рін негізге ала отырып, кәсіби дағ­­ды мен педагогикалық дарыны қа­лып­тас­қан, шығармашылықпен жұмыс жа­­сай­тын жаңа формация мұғалімін қа­лып­­тастыру» шығармашылық  та­қы­ры­бымен қызмет жасайды. Атырау облысы филиалының қызметкерлері  облыс педагогтарымен ынтымақтаса жұмыс жүргізуде. Орталық құрылғанға дейін білік­ті­лікті арттыру институтында, курс ара­лы­ғында педагогтардың іс-әрекетін ба­ға­лауға арналған кері байланыс болмады. Қазір оқытушы мен тыңдаушылар іс-әрекетіне жаңаша талдаулар жаса­лу­­да. Институтта заманауи білім бе­ру, бі­лім мазмұнын жаңарту талабы­на ба­­­ғытталған жаңа кафедралық жүйе, ғы­­­лы­ми-әдістемелік әлеуетін жетіл­ді­ру, пе­дагогтар біліктілігін арттыру ісі қар­қын алуда. Оқытушылардың жа­ңа форматтағы дәрістерімен қа­тар,  тыңдаушылармен курс кезінде және курс­тан­ кейінгі мерзімдерде курс тиімділігінің сапасын бағалау бойын­ша­ кері бай­­ланыс орнады. Қазіргі уа­­­қыт­та сапаға көңіл бө­лі­ніп, жа­ңашылдық ба­сым­ды­ғы кү­шейтіліп, сонымен қатар, жа­ңарған және же­тіл­­дірілген бі­лім беру модульді бағ­дар­ла­ма­лармен жұмыс жүргізіледі. Әзір­­лемелердің модульдік тә­сілі курс­тар­дың мазмұны жа­ңа­руының тиімді жо­лы болып отыр. Курс бағдарламасының барлық мо­­­д­уль­дерінде белсенді оқыту әдіс­те­­рін қолдану қарастырылған. Бағ­дар­­ла­маларда басымдық негізінен тың­дау­шыларды оқытудың практикалық бө­­ліміне беріліп, аудиторияда өткізетін тә­­жірибелік сабақтармен  қатар,  ж­а­ңа­шыл, тыңдаушыларға бірлескен көш­пе­лі тәжірибелік сабақтарды көр­се­­терлік тәжірибесі мен шығармашыл пе­дагогтары бар базалық жалпы білім бе­ретін мектептер мен техникалық және кә­сіптік білім беретін оқу орындарында, ба­лабақшаларда, мектеп-интернаттарда өт­кізіледі. Қысқа мерзімді курс бағ­дар­ла­­ма­ла­ры мазмұнын жаңартуда  Кем­бри­дж­­ университетінің дең­гей­лік бағ­дар­­ла­маларындағы тұ­жы­рым­да­ма­лық идея­­лар және инновациялық тәсіл­дер қол­­да­ны­л­ады. Тәжірибе көр­­сет­ке­нін­­дей, қазақстандық оқу­шы­лардың ха­лық­аралық TIMSS, PIZA зерттеулеріне қа­тысудағы нәтижелілігі ұстаз­дардың құзыреттілігіне, педагогтың кәс­іби біліктілігінің дамуына тікелей бай­ла­ныс­ты. Халықаралық TIMSS, PIZA зерт­теу­лерінде жоғары көрсеткішке же­тіп жүр­ген Сингапур елінің педагогтары  бі­ліктілігін екі жылда бір рет көтеріп оты­рады екен. Курстардың сапалы өткізілуі мұ­ға­лім­­нің нәтижелі қызмет атқаруына әсер ету­ін қадағалап отырамыз. Мұның тиім­­ді­лігі оқушылардың функциялық сауаттылығының қалыптасу деңгейін кө­теруде педагогтардың оқыту үрдісі барысында жаңа технологияларды тиімді пайдалануынан көрінеді. Мұғалім күн сайын оқушылар мен студенттердің ой-са­на­сын дамытады, олардың көзқарасы мен дү­ниетанымын, өмірге, мемлекет­ке, қо­ғамға деген қатынастарын қа­лып­тас­ты­рады. Өмірлік қажетіне жа­ра­тар­лық білім мен тәрбие алған, өз орнын табуға қа­білетті, елінің дамуы мен гүл­денуі үшін еңбек ететін, бәсекеге бей­ім, бойын­да ұлттық құндылықтар қа­лып­тас­қан өскелең ұрпақты тек өз ісінің май­талманы атанған педагогтар ғана тәр­бие­лей алады. «Өрлеу» біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы» АҚ жүзеге асырып жатқан педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттырудың жаңа инно­ва­циялық форматы кезең бойынша Қазақстан педагогтарының білім алуға деген сұраныстарын қанағат­тан­ды­руға және өздерінің кәсіби деңгейін тұрақты көтеруін тиімді ынталандыруға бағытталған үздіксіз біліктілікті  арттыру жүйесін кұруды қамтамасыз етеді. Осы орай­да, ең алдымен, педагогтардың инно­ва­ция­лық даярлығын қалыптастыру үшін тө­мендегі бағыттағы жұмыстарға қа­­жеттілік басым болып отыр. Олар: бі­­лім беру саласына қатысты жаңаны қа­былдау, ғылыми-әдістемелік жұ­мыс­­тарды, озат педагогикалық тә­жі­­рибелер мен инновациялық пе­да­го­­гикалық-психологиялық нәтижелі зерт­­теулерді, педагогикалық техноло­гия­ларды тәжірибеге енгізу, теор­ия­лық білімді тәжірибемен байланыс­ты­ра ұштастыру,  инновациялық зерт­теу­шілік іс-әрекеттер мен ізденісті ең­­бек­терді қолдау, педагогтардың ғы­лы­ми шығармашылығын жетілдіру. Нә­тижесінде педагогтың біліктілік сапасы көтеріледі. Міне, осындай сипаттағы бі­ліктілік арттырудың жаңа жүйесі пе­дагогтардың мәртебесін, әлеуметтік ма­ңызын, біліктілігін өмір талабына лайық арттыруға бағытталып, ізденісті еңбек жалғаса бермек. Мақсатымыз – өскелең ұрпақтың саналы да тәрбиелі, өмірге икемді, функциялық сауатты болуын қалыптастыратын педагогтардың біліктілігін арттыруды жоғары деңгейде ұйымдастыру. Маржан ҒАЛЫМЖАНОВА, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры