• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
12 Қаңтар, 2017

Қадыр Мырза Әлі туралы деректі фильм

657 рет
көрсетілді

Бүгінгі күні Қадыр Мырза Әлі Абайдан кейінгі ең көп оқылатын ақын деген пікірлер айтылып қалып жүр. Оны шындықтың ауы­лы­нан алыс деуге болмайды. Өйткені, ақын­ның әр адамның көкірегіне бірден жат­талып қалатын өлең жолдары мен ұлағатты сөздері және айшықты афоризмдері қазақтың кең­байтақ даласын аралап кеткелі қашан. Осы орайда қайталанбас сөз зергері Әбіш Кекілбаев биік бағаны бұдан екі-үш жыл бұрын Орал қаласында, Қадыр Мырза Әлінің ескерткіші ашылу рәсімі кезінде бергенін де айта кетуге болады. Бұдан әрі ол өз ойын Қадырды әлі әріп танымаған балдырғаннан бастап, әріпті көзілдіріксіз көре алмайтын қарияларға дейін біледі. Өзін білмесе де, сөзін біледі. Мұндай даусыз даңқ, татаусыз танымалдықтың сыры – Қадыр талантының қарапайымдылығында деп, жалғастырып әкеткені де ұмытыла қойған жоқ. Қаңтарда дүниеге келіп, қаңтарда дүниеден өткен Қадыр Мырза Әлінің есімі қашанда халықтың жадында. Бүгінгі күні ақын жөнінде «Мәңгілік майдан сарбазы» атты деректі-ғұмырнамалық фильмнің көрермендерге жол тартуы да осы пікіріміздің бір дәлелі. Оны Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген. Бұл арада аталған киностудияның деректі фильмдер жөніндегі режиссері Орал Жүнісовтің ерекше еңбегін атап өткен жөн. Фильмнің ұзақтығы бір сағат. Мұнда ақынның өмірі мен шығармашылық қызметінен алынған дәйекті детальдар, үзік сырлар, шуақты лебіздер мен естеліктер ешкімді де енжар қалдыра алмайды. Ғұмырнамалық кинотуынды ақынның өмір есігін ашып, ұшқан ұясынан бастау алған. Деректі фильмде Әбіш Кекілбаев, Ақұштап Бақтыгереева, Нұрлан Оразалин, Есенғали Раушанов және Темірхан Медетбек секілді әдебиетіміздің қабырғалы өкілдері Қадыр Мырза Әлінің көпшілік біле бермейтін қырларын қапысыз әңгімелеп берген. Ақынның жанын бір түсінсе, ақынның жары ғана түсіне алатын шығар. Осы орайда Қадекеңнің құдай қосқан қосағы Салтанат Зиянаткеліні айтқан ашық сырлар да деректі фильмнің құндылығын көтеріп тұр.  Темір ҚҰСАЙЫН, «Егемен Қазақстан» ОРАЛ