• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
12 Қаңтар, 2017

Facebook адамның ойын анықтай алатын болады

487 рет
көрсетілді

Facebook адамның ойын анықтай алатын нейрокомпьютерлі технология құрастырып жатыр. Бұл туралы Марк Цукерберг сұрақ-жауап сессиясында айтты, деп жазады Business Insider. "Менің ойымша, біз болашақта бір-бірімізге компьютерлі технологиялар арқылы ойымызды жібере алатын боламыз. Сіз бірдеңе ойласаңыз болды, достарыңыз ол туралы біліп отырады", деді ол. 2016 жылдың ортасында Facebook Building 8 атты құпия зерттеу бөлімін құрды. Ол компьютер арқылы адамның ойын жеткізе алатын технологияларды құрастырумен айналысады. Былтырғы жылдың қыркүйек айынан бастап аталған бөлімді Науk Chevillet басқарады. Ол Джонс Хопкинс университетінің қолданбалы нейробиология бағдарламасының авторы.