• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Қаңтар, 2017

"Б" корпусындағы мемлекеттік қызметкерлер аттестаттаудан өтеді

335 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерді аттестаттауды өткізу туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, аттестаттау 1 ақпан күні басталады. Қазір дайындық шаралары жүргізіліп жатыр. Президент Жарлығының мәтіні: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабы 1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қоса беріліп отырған «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттауды өткізу қағидалары бекітілсін. 2. «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттауды 2017 жылғы 1 шілдеге дейін өткізілсін. 3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, мыналарды: 1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттауды; 2) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттауды өткізу тәртібі мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын өткізуді қамтамасыз етсін. 4. Осы  Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін. 5. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының     Президенті                                                                 Н.Назарбаев