• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Қаңтар, 2017

Ақмола облысының әкімі Ақкөл ауылында болды

505 рет
көрсетілді

Бүгiн Ақмола облысының әкiмi С. Кулагин өзiнiң Ақкөл ауданына барған жұмыс сапары аясында Азат ауылы орта мектебiнiң материалдық-техникалық жабдықталуын қарады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Сондай-ақ ол «ТП-1» ЖШС цехының жұмысымен танысты. Құны 75 млн. теңгенi құрайтын бұл жоба 2016 жылдың қараша айында пайдалануға берiлген. Жобалық қуаттылығы жылына 210 тонна өнiмдi құрайды. - Бүгiнгi күнi iске қосу және жөндеу жұмыстары жүргiзiлуде. Алғашқы өнiмдi шығару ағымдағы жылдың наурыз айына жоспарланған. Бiз Астана, Қарағанды қалалары мен Ақмола облысының елдi мекендерiнiң нарығына шұжықтың 8 түрiн дайындайтын боламыз, — дейдi кәсiпорын басшысы Лиза Хамхоева. Сондай-ақ өңiр басшысы еттi бағыттағы Ангус асыл тұқымды малын бордақылаумен айналысатын «SC Food» ЖШС-на да бас сұқты. Кәсiпорын басшысы Мақсұт Бақтыбаевтың айтуынша бүгiнде шаруашылықта 1861 бас мал бар, оның iшiнде — 1348 аналық сиырлар. «Бiз iрi қара санын 2 500 басқа дейiн көбейтудi жоспарлаудамыз. Бұл жоспарды жүзеге асыру үшiн бiзде барлық жағдай жасалған. Мал өсiру базалары осынша көлемдегi қара малға жабдықталған, астық қоймаларымыз да бар. Мал жайылымдар «Электр бақташы» жүйесiмен қамтылған, — дедi М. Бақтыбаев.