• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
13 Қаңтар, 2017

Қолтырауын көрем десеңіз, «Теремокқа» келіңіз

598 рет
көрсетілді

«Теремок» деп ата­ған хайуанаттар паркі Қос­та­най қаласының нақ ортасы­нан орын алды. Онда қол­тырауын, қоян, енот, ай­даһар жылан, шиншилла, тиін, үкі,теңіз жануарлары құрбақа, тасбақа  болып жалғаса береді. Қолты­рауын, улы жыландар жыр­т­­­қыштығымен, теңіз жа­ну­арлары сиректігімен келу­шілерді қызықтырады. Көп ес­тігеннен тірідей бір көр­­­ген­ге не жетсін.  Әзір­ге «Тере­мок­­тың» жиырма шақ­­ты тұр­­­ғыны бар, олар­дың қа­та­ры жа­­қын күндері өр­­мек­ші­мен то­­­лы­ғатын кө­рі­неді. Қостанайда хайуанат­тар паркін ашу туралы био­­ло­г­тар, әуесқойлар та­ра­­пы­нан жиі сөз болатын. Ал Юрьевтер отбасының та­­би­ғат­қа қызығушылығы олар­­дың өнерімен тікелей бай­ла­ныс­ты еді. Отбасы ұзақ жыл­дардан бері цирк өнері­мен айналысады. Онда жа­нуар­­лардың қатысуымен көр­­сетілетін нөмірлері де жет­кілікті болатын. Алайда,  каникул кездерінде  олар  жануарларды  амалсыз үй­де ұс­тайды. Балалардың та­би­ғат­қа қызықпайтыны жоқ. Сондықтан Қос­танайда хайуанаттар паркін ашсақ деген ой  пісіп-жетілумен болды. Алайда «үйдегі ойды базардағы нарық бұзып», олардың бастамасын қар­жыл­ай қолдай қойған ешкім та­был­­мады. Жергілікті ат­қару ор­гандары  тарапынан да аса қол­дау бола қоймады. – Қаржылай қолдауға қо­лы­мыз жетпеген соң, өзіміз не­сие алдық та, хайуанаттар паркін ашуға тәуекел еттік, – дейді хайуанаттар паркі­нің бас­шысы Елена Юрьева. «Теремок» ұжымы аңдар санын, түрін көбейте түс­кісі бар. Мысалы, аю, жол­ба­рыс немесе африка­лық хай­­уа­нат­тарды  да қос­та­най­­лық кө­рер­мен назарына ұсынғысы ке­леді. Әйт­се де, олар үшін  тұ­тас жағдай ке­ректігі белгілі. Ал­дымен жы­лы ғимарат, жыл­­дың жылы мау­сымында сырт­қа шығару үшін арнайы алаң­дар керек. Оның барлығы да қаржыға ке­ліп тіреледі. – Қазір аңдардың өзі де қым­бат  тұрады. Ең бастысы, орын керек, қалған мәселе бір­те-бірте шешімін табар ма еді, – дейді Елена. Дегенмен, іс басталды.  Се­ң­нің жүреріне Еленаның се­німі мол. Ол   өз хайуанаттар паркінің болуы қаланың өскені деп біледі. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан» ҚОСТАНАЙ Суретті түсірген Константин Вишниченко