• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
13 Қаңтар, 2017

Әсерлі әсем әуендер

615 рет
көрсетілді

Қаллеки театрының камералық оркестрі қазақ  композиторларының әндерін орындады Қазақтың мемлекеттік ака­демиялық Қ.Қуанышбаев атын­да­ғы музыкалық драма теат­ры камералық оркестрінің ре­­­пер­туарында халықтық шы­ғар­­ма­лармен қатар қазақ ком­по­з­и­тор­­ларының да туындылары көп­теп саналады. Олардың ішінде А.Цагарелидің «Гамарджоба!», И.Штраустың «Жұбайлар жұм­бағы», Е.Жуасбектің «Үйлену» музыкалық комедиялары мен В.Ежовтың «Тыраулап ұшқан тырналар» лирикалық драмасында орындалатын шығармалардың жөні бөлек. Театрдың камералық оркестрі құрамында 22 адам бар. Көркемдік жетекшісі – М.Мыр­за­құлова. Бас дирижері – ха­лықаралық байқаулардың лауреаты Ерлан Бейсембаев. Музыкалық кеште қалық­та­ған, халқымыздың тарихынан сыр шертетін әсем әуендер кө­ре­р­­мен қауымды ерекше әсерге бө­леді. Қай кезеңді алып қарасаңыз да, қазақтың басынан кешкен қиын­дықтары аз болмаған. Со­лар­­дың бірі – ХХ ғасырдағы аша­р­шылық пен жұттың зардабы бо­латын... «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қал­масын!» – деген ұранмен Голощекиндердің жүр­гізген саясаты жергілікті ха­лықтың көзін жаппай қырып-жой­ып, қазақтың азат рухын жаншу еді... Осындай нәубетте адами қалыпты жоғалтпау, болашақ ұрпақ үшін жанын пида ету кез кел­геннің қолынан келе бермес ұлы ерліктер саналғаны рас. Бұл ретте музыкалық кеште орын­далған Композиторлар ода­ғы­ның төрайымы Балнұр Қыдыр­бек­тің «Ашаршылық» атты ком­позициясына толқымаған жан некен-саяқ. Кеш шығарма автор­ларының қатысуымен жан баурады. Л.Жұманова «Танымал қазақ әуендерінен құралған му­зыкалық шығарманы», Г.Сете­ков «Скерцо» сынды ыр­­ға­ғы мен әуені еркін алмасып оты­ра­тын музыкалық туындыны кө­те­ріңкі рәуіште жеткізді. Ком­позициялық шарада театр әр­тіс­­тері, мемлекеттік «Дарын» жас­тар сыйлығының иегері С.Қаш­қабаев, О.Жақыпбек, Ж.Ерболат өнер көрсетті. Театр және кино ак­­тері Шах-Мұрат Ордабаев кеш­­­ті өте әсерлі жүргізгені үшін ри­зашылыққа кенелді. Кон­­­ц­ерт­­тік бағдарламада мұ­нан бас­­қа С.Әбдінұровтың «Ор­да­ба­с­ы», Х.Әбілжановтың «Алау», Г.Секеевтің «Элегия», Абай­дың «Кө­зімнің қарасы», А.Тоқ­сан­­баев­тың «Бұраң бел» туынды­ла­ры мен Құрманғазының «Бал­бы­рауын» күйі бар. Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»