• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
13 Қаңтар, 2017

Қытай үлкен делегациямен келеді

285 рет
көрсетілді

Қысқы Универсиадаға келетін Қытай мемлекеті өз тари­хында тұңғыш рет Алматыға ең көп спортшы аттан­дыруға бел байлап отыр. Жастар арасындағы спорт додасына бұл елден 119 спортшы студент қатысатын болады. Аспанасты елінің өкілдері Универсиада-2017 ойындарында 12 қысқы спорт түрінен жүлделі орындарға таласады. Ал бұл деректер 2017 жыл­­дың 5 қаңтарында Хар­бин­дегі Спорт университетінде Алма­тыдағы студенттік ойын­дарға қаты­сатындардың есім­дері жария­ланғаннан кейін аян болды. Көрші елдің спортшылары Қы­тайдың 7 провинциясы мен авто­номиялық аймағында орна­ласқан 17 университеттің студент­тері болып табылады. Осы­лайша Қытай бүкіл тарихында ең көп спортшы санын осы студенттік спорт делегациясы құрамында жіберуге шешім қабылдаған. Қытайдың Студенттік спорт федерациясы өз спорт­шы­­ла­рының әлеуетін жоға­ры баға­лап, мықты құрама жинал­ғанын айтады. Қытайлықтар Алма­тыдағы қысқы Универ­сиа­да кезінде 12 спорт түрінен 60-тан аса жарысқа қатысатын болады. Қазақстан баспасөз клубы таратқан ақпарат көздерінің хабарлауынша, Универсиада-2017 ойындары кезінде Қытай спорт делегациясына жетекшілік ететін Янг Лигуо спорттағы жетіс­тіктермен қатар, әртүрлі ел­дердің жастары арасындағы дос­тық қатынас аса маңызды еке­нін, сондай-ақ достықтың ірге­тасы осында қаланатынын атап өтті. – Біздің спортшылар Қазақ­стан мәдениетімен танысып, шетелдік жастармен достық бай­ланыстар орната­ды деп үміт­тенемін. Қабыл­даушы жақ күнде дерлік бірлес­кен кезде­су­лерді ұйымдас­ты­ратын­дықтан, түрлі елдерден келген жастар бір-бірімен достасып кетеді деп ойлаймын, – деді Янг Лигуо. Сол сияқты Қытайдың спорт­­тағы жас дарындары өз ел­де­­рін­дегі 300 миллионнан аса тұр­ғы­­нын шаңғы мен конькиді үйре­­нуге жігерлендірмек көрі­неді. Универ­сиада-2017 қаты­су­шы­лары Қы­тайдағы колледж­дер мен университеттерде қысқы спорт түрлерін насихат­тауды жалғастырады. Қытай­дың Студенттік спорт федера­циясы да спортшылардың осы идеясын қолдай отырып, ел аумағындағы оқу меке­мелерінде қысқы спорт түрлері бойынша жарыстарды жиі өткізіп тұрмақ. Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ