• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
13 Қаңтар, 2017

Сергей ЦЫБЕНКО: Алматы жарысты жоғары деңгейде өткізе алады

449 рет
көрсетілді

– Алматыдағы қысқы Универ­сиада 8 спорттық нысанда өткі­зіледі, оның 6-уы Алматыда, қал­ған 2-еуі Алматы облысында ор­наласқан, – деді Сергей Цы­бенко. – Ойындар үшін арнайы екі жаңа нысан салынып, пайда­лануға берілді. Олардың бірін­шісі – «Алматы Арена» 12 мың, ал «Халық Арена» 3 мың көрерменді қауызына сыйдыра алады. Бұлардың екеуінде де мұз айдыны бар. Нысандар қажетті заманауи әлемдік стандарттарға түгел сәйкес келеді. Айналып келгенде, олар ТМД аумағындағы ең үздік спорт ғимараттарының бірі саналады. Алматы Олимпия ойындарын өткізуге де өтінім жолдағандықтан, барлық спорт нысандары мен Атлеттер ауылы соңғы технологиялардың үлгісі бойынша салынды. Осы нысандарда ең жоғары деңгейдегі халықаралық сайыстарды, соның ішінде Олимпия ойындарын да өткізуге болады. Бұл озық үлгіде жетілдірілген, ең заманауи нысандар болып табылады. Біздің спорт алаңдарымыз әмбебап сипатта, оларда спорт іс-шараларын ғана емес, сонымен қатар, коммерциялық, ойын-сауық түріндегі іс-шараларды өткізуге болады. Бізде осыған дейін салынып қойылған нысандар, атап айтқанда, шаңғы трамплиндер кешені, «Медеу» жоғары таулы мұз айдыны, Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайы туралы айтар болсақ, оларда бірқатар қайта құру жұмыстары жүргізіліп, кез келген жарыстарды өткізуге жағдай жасайтын ең соңғы жабдықтар сатып алынды. Алматыдағы Универсиада туралы хабар әлемнің 100-ден аса елінде таратылады, оны тамашалайтын көрермен саны шамамен 1 миллиардты құрайды. Сондықтан біздің бүкіл нысандарымыз халықаралық стандарттар мен нормаларға сәйкестендіріліп, барлық сертификаттар, соның ішінде телевизия мамандарынан және спорт саласындағы құзыретті тұлғалардан сертификаттар ­алынды. – Осы спорт нысандарына­ тексеру қалай жүргізіледі және халықаралық стандарт­тар­ға­ сәй­кестігі туралы серти­фи­­каттар қанша мерзімге беріледі? – Қысқы Универсиада Халық­аралық студенттік спорт феде­рациясының (FISU) қамқорлығы аясында өткізіледі. Дегенмен, ол сондай-ақ қысқы спорт түрлері халықаралық федерацияларының да бақылауында болады. Әрбір федерация жарыстар өткізілетін уақытта өзінің техникалық делегатын жібереді. Біз барлық стандарттар мен талаптарды олармен күнделікті түрде мақұлдастырып отырамыз. Өйткені, нысандар халықаралық федерацияның сертификаттары мен рәсімдеріне сәйкес келмейтін болса, бірде-бір жарыс сөреден шықпайды. Әдетте кез келген сертификат белгілі бір мерзімге беріледі. Әрбір халықаралық федерацияда оның мерзімі әртүрлі болады. Мысалы, тау-шаңғы спортында сертификат бірнеше жылға беріледі. Ал хоккей, коньки, шорт-трек секілді спорт түрлері туралы айтар болсақ, олар жыл сайын геодезия жөнінде сертификат алулары тиіс. Себебі, оларда жыл сайын мұз алаңы, жолдар мен мұз бетінің ені дұрыс белгіленгенін растап тұру керек болады. Халықаралық жарыстарды өткізуге рұқсаты, лицензиясы бар сертификатталған мамандар күллі белгілеу жұмыстарын жүр­гізеді. Шаңғы спортында да осы­ған ұқсас сертификат бері­леді. Бұл үшін жолдарды, ылдиы мен өрін өлшеп беретін маман шақы­рылады. Бүкіл жұмыс қатаң рет­тел­­ген, өйткені, спортшылар, көрер­­мендер мен төрешілердің қауіп­­сіздігі осыған тәуелді. Біздің нысан­­дарымыздың барлығы то­лы­­­ғы­мен бүкіл тексерулерден өтіп, қа­­жетті сертификаттарды алған. – Универсиада аяқталған соң біз өзімізде үлкен жарыстарды өткізе аламыз ба? – Әлбетте. Алматыдағы қыс­қы Универсиаданың басты мін­деттерінің бірі де осында. Бы­лайша айтқанда, осындай ауқым­дағы жаһандық және имидждік іс-шараға дайындалу аясында біз өзіміздің спорттық базамызды ретке келтіріп, жаңа нысандарды салу көзделген. Сондай-ақ, біз ұрпағымызға қалдырар спорттық мирасымыз туралы да ұмытпауымыз қажет. Мысалы, «Халық Арена» және «Алматы Арена» секілді екі мұз алаңын алайық. Біз жаңа жылға дейін қалың жұртшылықтың онда тегін сырғанауына мүмкіндік бердік. Оның нәтижесі орасан зор болды, жұрт көптеп келді. Мұның өзі біздің адамдарды тарта алға­нымызды көрсетті. Бұған осы екі алаңның қала шетіндегі аудандарда орналасуының да әсері мол болды. Бұл аудандардың тұрғындары үшін «Медеуге» немесе қаланың орталығына барып тұруға әрдайым мүмкіндік бола бермейді. Ал осы мұз алаң­дарының салынуы сол мәселені шешіп берді. Біз спорт нысандарын қала орталығында ғана емес, сондай-ақ, қала шетіндегі аудан­дарда да салуымыз қажет. Қай­талап айтып өтейін, Универ­сиада арқасында біз кез келген дең­гейдегі жарыстарды, тіпті Олим­пия ойындарына дейін өткі­зу­ге мүмкіндігіміз бар екенін танытып отырмыз. Әңгімелескен Серік ПІРНАЗАР, «Егемен Қазақстан» АСТАНА