• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
13 Қаңтар, 2017

Уақытша тіркеу мәселелері туралы түсінік берді

304 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының депутаты Дархан Кәлетаев «Нұр Отан» партиясының Астанадағы республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдады. Кездесуге Астана қаласы мен Ақмола облысынан әртүрлі әлеуметтік мәселелер толғандырған тұрғындар келді. Депутатқа келгендердің көпшілігі тұрғын үймен және жер учаскесімен қамтамасыз етуге қатысты мәселелермен қайырылған болатын. Келушілердің ішіндегі зейнеткерлер мен көп балалы отбасылардың өкілдері еңбекке орналастыру, зейнетақымен қамтамасыз ету, әлеуметтік жәрдемақы таға­йын­дау және қаланы көркейту мәсе­ле­лерін шешуге көмек сұрады. Сена­тор Д.Кәлетаев барлық мәселелердің шешілуін жеке бақылауына алатын болды. Д.Кәлетаев азаматтарды уақытша тіркеу жағдайына байланысты түсінік берді. Сенатор заңның қабылдануы қажетті шара екенін атап көрсетті. «Уақытша тіркеу туралы заң ережелері қабылданды және оның күші тоқтатылмайды. Бұл ережелер жеке біреудің тілек-қалауы бойынша қабылданған жоқ, уақыт талабынан туындап отырған амалсыздан қабылданған шара. Оны іске асыруда халыққа қызмет көрсету орталықтары мен Ішкі істер министрлігі жұмыстарында бірқатар ұйымдастыру шаралары қабылдануы тиіс екені екінші мәселе. Мұнда Ішкі істер министрлігін кінәлі қылудың керегі жоқ, оған барлық мемлекеттік органдар атсалысуы тиіс. Түсіндіру жұмыстарының дұрыс жүргізілмеуінен дүрлігу басталып кетті», – деді депутат.  Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан» АСТАНА