• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
13 Қаңтар, 2017

Важенина Бейжің Олимпиадасының алтын медалін алады

451 рет
көрсетілді

Халықаралық Олимпиада комитеті сегіз ауыр атлетті 2008 жылы Бейжіңде өткен жазғы Олимпиада алтынынан айырды. Олардың арасында қазақстандық Алла Важенинадан басым түскен қытайлық Цао Лэй де бар, деп жазады ҚазАқпарат. Важенина 75 келіге дейінгі санатта Бейжің ойындарының күміс жүлдегері атанған еді. Ал алтын медаль қытайлық Цао Лэйге, қола ресейлік Надежда Евстюхинаға бұйырған. ХОК сайтында хабарланғандай, Цао Лэйдің нәтижесі күшін жояды, себебі оның допинг-сынамасынан бой өсіретін гормон арттырғыш заттар табылған. Тамыз айында ХОК қытайлық ауыр атлеттің допинг-сынамасынан тыйым салынған заттар табылғанын мәлімдеген еді. Осылайша, «алтын» Бейжің Олимпиадасында екінші орын алған қазақстандық ауыр атлет Алла Важенинаға бұйыратын болды.