2020 жылы өтетін Токиодағы жазғы Олимпиада медальдарын жасау барысында жапон елінің астанасындағы қалдықтарды өңдеу зауытында ескі ұялы телефондардан алынған алтын пайдаланылмақ. Бұл жоба жергілікті биліктің алда өтетін ойын барысында кірісті барынша арттыруына бағытталған, деп хабарлайды ТАСС.
Жаңа объектілер салу мен ескілеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу жеке бизнеспен бірлесіп жүзеге асырылатын болады. Ол үшін барынша үнемдеу бағдарламасы қарастырылған.
Осы күнге дейін Токио билігі Олимпиададан 500 млрд иен (4,4 млрд доллар) пайда табуды көздеген еді. Бірақ губернатор Юрико Коикэ бұл көрсеткішті арттырып, 650 млрд иенге (шамамен 5,7 млрд долларға) жеткізу керектігін айтты.