• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
13 Қаңтар, 2017

Петропавлда құрылыс материалдары зауыты ашылады

476 рет
көрсетілді

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Петропавл ауыр машина жасау зауытының қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Кездесуде мәжілісмендер Мәулен Әшімбаев, Қуаныш Сұлтанов, Сергей Звольский, Петр Шарапаев және Мұрат Теміржанов еңбекшілермен бірқатар мәселелерді талқылады және заң шығару қызметі туралы әңгімеледі. Бүгінгі таңда кәсіпорын Қазақстан нарығында сұранысқа иенің бірі болып табылады. Бұл 50 жыл бойы мұнай өндіруші компаниялар үшін, техниканы және мұнай-химия мен мұнай өңдеу кәсіпорындары үшін, жабдықтар шығаратын еліміздегі жалғыз зауыт. Зауыт Қытай, Ресей, Жапония, Германия, Норвегия, Англия, АҚШ, Канада, Италия, Беларусь ірі компанияларымен ынтымақтасады. Осында 1000-ға жуық адам еңбек етуде, орташа жалақы – 95 мың теңгені құрайды. Өндіріс саласының жұмысшыларымен кездесу кезінде, мәжілісмендер өнеркәсіптік өндірістің елеулі өсуін және Солтүстік Қазақстанда бірқатар мемлекеттік бағдарламалардың іске асыруда табыстылығын атап өтті. Мысалға, 2014 жылы «Энергетикалық қазандық жабдығын дайындау бойынша өндірісін құру» Индустрияландыру картасында кірістің инвестициялық жобасы іске асырылды. Жобаның арқасында зауытта 46 қосымша жаңа жұмыс орны құрылды. Қызметкерлермен әңгіме барысында халық қалаулылары кәсіпорын қызметіне жоғары баға берді және отандық мұнай саласының дамуына қосқан үлестері туралы зауыт қызметкерлерінің еңбектері арқасында екенін  атап өтті. «Бүгінгі таңда  партия Көшбасшысы, мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев жастардың техникалық мамандықтарды игеруіне ерекше назар аударады. Біз көріп отырғандай: Петропавл ауыр машина жасау зауытында көптеген жас адамдар жұмыс істейді. Қазіргі таңда елімізде индустрияландырудың жаңа кезеңі жалғасуда. Жастар бір жерде отыруға тиіс емес. Өз әлеуетін іске асыру үшін, көптеген мүмкіндіктер жасалған. Мысалға, жаңа жұмыс орны ашылады», - деп баса айтты Мәжіліс депутаты Петр Шарапаев. Осы күні депутаттар облыс активінің жиналысына қатысты, «Нұр Отан» партиясы аймақтық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды жеке қабылдады және аграрлық компаниялар: «Даму» қорының және Кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен кездесті. Талқылаған тақырыптары – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдау мәселесі. Мәжіліс депутаттары Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен 5 қаңтардан бастап келді. Осы кезеңде олар елді мекендердің тұрғындарымен бірнеше кездесулер өткізді, бірқатар өнеркәсіп кәсіпорындарына барды және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының ашылуына қатысты.