• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
13 Қаңтар, 2017

Қырғызстан оқушылары аптасына 5 күн оқитын болды

614 рет
көрсетілді

Қырғызстан мектептері 2017 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап бескүндік оқу жүйесіне көшеді, деп хабарлады ca-news.org. Қырғыз Республикасының Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, осы уақыттан бастап жалпы білім беретін барлық типтегі мектептер аптасына 5 күн оқиды. Егер апталық оқу 30 сағаттан асса, алтыншы күні сабақтар өтуі мүмкін. "Қазір оқу сағаттары Мемлекеттік білім беру стандарттарында бекітілген. Соған сәйкес, оқу 1-5 сыныпта - 20-30 сағат, 6-11 сыныптарда - 30-33 сағатты қамтиды. Жоғарыда айтылған көрсеткіштен артса, ата-аналармен келісе отырып кейбір сабақтар аптаның алтыншы күніне көшірілуі мүмкін", делінген хабарламада. "Елде бескүндік оқу жүйесі мектеп бағдарламасын тиімді ету үшін жасалып отыр. Білім сапасы оқу сағаттарына тікелей байланысты. Министрлік санды емес, сапаны таңдайды", деді ведомство өкілдері.