• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
13 Қаңтар, 2017

ОҚО-да жүргізушілерге арнайы қондырғы арқылы 5 млн теңге айыппұл салынды

268 рет
көрсетілді

Ресейлік «Крис П» қондырғысы айналдырған бір сағаттың ішінде жылдамдықты арттырған жүргізушілерге 5 млн. теңге айыппұл салды. Қаладағы Қонаев даңғылы үш-төрт машина өткізе алатындай кең әрі бағдаршамдар аз. Сондықтан, осы жолмен жүруге ынғайы келгендер астына мінген сәйгүліктерінің құмарын қандырып, басын бос жібереді. Бірақ, бұл жолы осы аппарат бір сағаттың ішінде Қонаев даңғылымен өткен 554 автокөлік иелерін тестілеп үлгеріп, қалталарынан 5 млн-ға жуық айыппұлды төлетуге мәжбүр етті. Бақтияр Тайжан, "Егемен Қазақстан". Оңтүстік Қазақстан облысы