Түрік парламенті президенттік басқару формасына көшуге қатысты конституциялық реформаның негізгі ережелерін мақұлдады, деп хабарлады Anadolu агенттігі.
Түркияда 1923 жылдан бастап Түрік Республикасы құрылған сәттен қалыптасқан парламенттік басқарудың орнына президенттік басқару жүйесін енгізуді көздейтін негізгі заңға өзгерістер жобасын парламентке Әділдік және даму басқарушы партиясы енгізді.
Депутаттар президенттің өкілеттігін кеңейтетін конституцияға түзетулер туралы заң жобасының баптарын қабылдады. Атап айтқанда, ол жарлықтар шығару, министрлер тағайындау, конституциялық өзгерістер жөніндегі мәселені референдумға енгізу құқығына ие болады.
Тармақтар бойынша конституциялық түзетулерді қабылдағаннан кейін Түркия парламенті егер 330-дан астам депутат дауыс берсе, оны рефрендумға шығарады.