• RUB:
    4.76
  • USD:
    526.11
  • EUR:
    542.31
Басты сайтқа өту
13 Қаңтар, 2017

ТМД елдерінде өнеркәсіп өндірісі көлемінің артуы байқалады

386 рет
көрсетілді

2016 жылғы қаңтар-қарашада ТМД елдерінде өнеркәсіп өндірісі көлемінің артуы байқалды, деп хабарлады Статистика агенттігі. ТМД Статкомитетінің деректері бойынша Достастық елдерінде 2016 жылғы қаңтар-қарашада 2015 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 0,6% артты (2015 жылғы қаңтар-қарашада 3,3% қысқарды). Достастық елдерінде тұтыну бағалары 2016 жылғы қарашада 2015 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 6,5% артты (2015 жылғы қарашада 2014 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда – 16,3%), өнеркәсіп тауарларын өндірушілер бағалары 11,2% артты (2015 жылғы қарашада 2014 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда – 12,6% ).