• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
13 Қаңтар, 2017

15 қаңтар Астанада халықаралық қар күні өтеді

396 рет
көрсетілді

15 қаңтар күні сағат 11:00-де астаналық парктің шаңғыроллер трассасында Халықаралық қар күні өтеді. Шараны Астана қаласы дене тәрбиесі және спорт басқармасының, Астана қаласы әкімдігі бұқаралық спорт шараларын өткізу дирекциясының және бірқатар бизнес-құрылымдық ресми серіктестердің қолдауымен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры», Шаңғы жарысы ұлттық федерациясы, FIS халықаралық шаңғы жарысы федерациясы ұйымдастырады. Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, жарысқа 2003-2004, 2005-2006, 2007-2010, 1998 және ересектер, 1999-2000, 2001-2002 жылдары туған түрлі жас санатындағы ұл-қыздар қатысады. Өзге жас санатындағы адамдар жарысқа жіберілмейді. Шараның бағдарламасында қатысушылар шеруі, балалар спринті және түрлі қашықтыққа жүгіруден жарыстар бар. Жас қатысушыларға балалар жарысын ұйымдастыратын Snow Park қарастырылған.