• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
13 Қаңтар, 2017

2016 жылы баспана саудасы 14,6% ұлғайды

286 рет
көрсетілді

2016 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында жылжымайтын мүлік саудасы бойынша жасалған келісімшарт саны бір жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 14,6 пайызға көбейіп, 190 209-ға жетті, деп хабарлайды Статистика комитеті. 2016 жылдың желтоқсанында республика бойынша баспана саудасы бойынша 18 627 келісімшарт құрылған. Қараша айымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 9,5 пайызға артық. Республика бойынша, ең көп сауда Астанада. Екінші орын Алматы қаласы болса, үшінші орында Қарағанды облысы. Ал жер үйлердің саудасы жағынан көш басында Алматы облысы мен Оңтүстік Қазақстан облыстары.