• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
13 Қаңтар, 2017

БҚО-да басқарма басшысы ауысты

394 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновтің өкімімен Миржан Мұнайдарұлы Сатқанов БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Басқарма ұжымына жаңа басшыны облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі. БҚО әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, М.М.Сатқанов 1977 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Түркия Республикасы Докуз Ейлюл университетін тәмамдаған. 2001 жылы Орал қалалық қаржы бөлімінің жетекші маманы болса, 2001-2004  жылдары - Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлікті қолдау және дамыту департаментінің бас маманы, бөлім бастығы,  2004-2005  жылдары - Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлікті қолдау және дамыту басқармасы бастығының орынбасары, 2005 жылы - Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бөлім бастығы, 2005-2006 жылдары - Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті директорының орынбасары, 2006-2010 жылдары - «Қазақстан Халық банкінің зейнетақы жинақтау қоры» АҚ-ның Батыс Қазақстан облысы филиалы директорының орынбасары қызметін атқарды. Сондай-ақ 2010-2011 жылдары Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының орынбасары, 2011-2012 жылдары «БҚО кәсіпкерлер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры, 2012-2013 жылдары Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының орынбасары, 2013-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарса, 2015 жылдың 26 қазанынан бүгінге дейін Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы болды.