• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
13 Қаңтар, 2017

2017 жылы жол ережесі айыппұлдарының құны қанша?

294 рет
көрсетілді

2017 жылы айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінің өсуіне байланысты (1 АЕК – 2 269 теңге) жол-көлік ережелерін бұзушыларға салынатын айыппұл көлемі де көтерілген, деп жазады turkystan.kz. Атап айтқанда,

– Жылдамдықты 20-40 шақырым сағатқа арттырғандар – 22 690 теңге, 20-40 шақырым сағатқа дейін жоғарылатқандар – 34 035 теңге, ал 40 шақырым сағаттан жоғары болса 68 070 теңге;

– Өткінші жолақ, бұрылыста, бағдаршамға бағынбай өтіп кеткен жағдайда 22 690 теңге;

– Өткінші жолақта жолаушыларға жол бермеген жүргізушілер – 22 690 теңге;

– Артқа жүру және кері бұрылуға тыйым салынған жерлерде тәртіп бұзған жүргізушілер – 15 883 теңге;

– Бұрылыс кезінде жарық белгісін қоспай бұрылғандар – 11 345 теңге;

– Тротуарда және жалғызаяқ жолдарға шығып кеткендер, сонда көлігін қаңтарып қойғандар – 35 035 теңге;

– Жол бойында апатты жағдай туғызған жүргізушілер – 22 690 теңге;

– Темір тұлпарын жүргізуші куәлігінсіз немесе уақытша куәліксіз басқарған жүргізушілер 11 345 теңге айыппұл төлейді.